Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет472/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПСИХ
ПСИХ


448
сы). Бұл мәселелер «Ойлау мен қарым-
қатынас» атты Бүкілодақтық симпо-
зиумда (Алматы, 1973), «Сөз бен ой-
дың механизмдері» атты (Целиног-
рад, 1976) ғылыми конференциялар-
да талқыланды.
Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұ-
қанов, Н.М.Құрманбаев, М.Қ.Қайыр-
баева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, 
оны меңгеру мен түсіну, іштей сөй-
леу т.б.) мәсслелерін жан-жақты зерт-
теді. Психолингвистикада бұрынғы 
необихевиористік және дескрибтік 
лингвистикалық көзқарастардың то-
ғысынан келелі үш мәселеге назар 
аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің 
қалыптасу тетігі; нақты психология-
лық үйлесімділікті грамматикалық 
тұрғыдан өзгертудің формалды моде-
лі; сөйлеуді құраудағы грамматика-
лық кұрылымның ойлаудың, таным-
ның, логиканың желісімен байла-
нысты. Психолингвистиканың негізгі 
бағыты қазіргі кезде инженерлік пси-
хология, нейро және патопсихология, 
шетел тілдерін оқыту міндеттерімен 
ұштасуда.
ПСИХОЛОГИзМ
– қоғамдық әлеу-
меттанушылық зерттеулерде қолда-
нылатын принцип; мұнда әлеуметтік 
процестер мен құбылыстар психо-
логиялық туындылар деп сипатта-
лады. П. приципінің рөлі мен маңы-
зын әлеуметтік өмірдің психология-
лық механизмдерін жете зерттеген
америкалық социологтар асыра ба-
ғалады. Әлеуметтанудағы психоло-
гиялық мектептің
өкілдері адамдар-
дың бейімділіктері мен эмоцияла-
рын әлеуметтік процестер динами-
касының негізгі факторлары деп па-
йымдады. Социологияның дербес 
ғылым болып даму нәтижесінде бұл
принциптің едәуір әлсіреуі болғаны-
мен, ол жойылған жоқ. Оны белгілі
бір шамада тұлғааралық қатынасты 
зерттеушілер – символдық интерна-
ционализмнің, феноменология мен 
этнометодологияның өкілдерін ұс-
танады.
ПСИХОЛОГИЯ
– жан құбылыста-
рының сыртқы және ішкі дүние 
заттарының әсерінен пайда болып,
біртіндеп дамып, қалыптасу заңды-
лықтарын зерттейтін ғылым. П. тер-
мині гректің екі сөзінен 
(рsусhе 
– жан, 
logos – 
ілім) алынған, бұл «жан ту-
ралы ілім» деген ұғымды білдіреді. 
Психологиялық ғылыми білімдердің 
тарихы екі кезеңге бөлінеді.
Оның біріншісі, шамамен 2500 жыл-
ға созылған, көш басы Аристотель-
ден басталатын жан дүниесі жайлы 
түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. 
Осы кезең ішінде психология басқа
ғылымдармен, әсіресе, философия-
мен қосақтаса, дамып келеді. Оның 
екінші тарихы 1879 жылдан бастала-
ды. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт
(1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лабо-
ратория ұйымдастырып, мұның де-
рбес эксперименттік ғылым болуына 
себепкер болды. Психологияның да-
му тарихы көптеген ғұлама ғалым-
дардың, атап айтқанда Герофил, Эра-
зестрат, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, 
Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, 
Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, 
Галлер т.б. есімдермен тығыз бай-
ланысты. 
(қараңыз. Психология та- 
рихы). 
Жан дүниесінің сыры жайлы 
ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, ма-
қал-мәтелдерінде көп кездеседі. Мә-
селен, «Тән ауырса, жан ауырады»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет