446
Диагностика – зерттелетін объект
немесе үрдіс турады алдын ала ақ-
парат алудың жалпы тәсілі. Жеке
тұлғаның психологиялық даму са-
ласында диагностиканың мәні ме-
дицинадағы аура сипаты туралы дұ-
рыс қойылған диагноздың мәнімен
бірдей: егер оның белгілері, шығу
себептері уақытында және дұрыс
анықталған болса, емдеу нәтижесі
оң болатындығына сенім мол.
Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың
жазылуына деген үміттің үзілуіне
әкеп соқтырады. Осы аталғандардың
барлығы тән денсаулығы саласы пси-
хикасына қатысы бар, сондықтан да
диагностика даму саласында ерекше
мәні бар іс, жоғары біліктілікті және
жауапкершілікті қажет етеді.
Күнделікті педагогикалық тәжірибе-
де мектеп психологтары және мұға-
лімдер жеке тұлғаның жекелеген са-
паларын зерттейді, бірақ осы зерт-
теулердің нәтижесіне қарап, дамудың
салаларына жалпы баға беруге бол-
майды.
Мектеп мұғалімдері мен тәрбиеші-
лер үшін ең бастысы – оқушылардың
ақыл-ой әрекетінің диагностикасы,
мінез-құлық ерекшеліктері, әлеумет-
тік сипаттарының мінез-құлық да-
муы және тағы басқа да осы секілді
мәселелер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: