49
сін көрмеген, атын естімеген бір пә-
ле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жал-
мауыз» дедім. Нобайы адамға ұқса-
майды. Қап-қара, тырдай жалаңаш.
Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі
бойы – қол сұғымдай шашы бұр-
қырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қор-
қынышты жері – аузы. Ырсиып, от
болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр
екен. Аузынан кәдігідей от бүркіп
тұр... өзге еш жері көрінбейді. Қа-
раңғы бұрышта қып-қызыл от болып
жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған
тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын
десем, буынымды баса алатын емес-
пін... ақырып келіп, иығымнан бас
салды...»
.
Жын-шайтан, пері, албасты дейтін
ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт
ішінде осындай «керемет» көріністерді
туғызған жауыннан паналап жүрген
екінші бір адамның әлсін-әлі жағып
жүрген сіріңкесі екен. «Қорыққанға
қос көрінеді» деген мәтел осындай
адамдардың психологиясын өте жақ-
сы көрсетеді.
АРАзДАСУ
– мінез-құлықтағы өш-
тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты
жағымсыз қылықтар. А. «араз», «араз-
құраз», «дүрдараз», «дүрдей-дүрдию»
дейтін мінез көріністерінен байқала-
ды. А. өш, қас, тату еместікті білдіре-
ді. А. – өштесу, қастасу, ренжіп ұры-
су әрекеттерінің айғағы. А-дың ша-
рықтау шегі өштесіп-қастасып ұрысу,
кейде тіпті аяғы төбелеспен бітеді.
Араздасқан адамдардың ұнамсыз
әрекеттері сырт пішіндерінен, көзқа-
растарынан, сөз саптауларынан бай-
қалады. Басараздық – жеке адамдар
арасындағы өшпенділік. Психология-
да А-ды адамдардың өзара жете тү-
сінбеу салдарынан туындайтын адам-
гершілікке жат қылықтар деп санайды.
АРАЛЫҚ МИ
– барлық омыртқа-
лы жануарлар мен адам миының бір
бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері-
нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық
ми орта мидың алдында тұрады.
Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те-
рі, ет және сіңір рецепторларының
импульстер келіп, одан әрі мидың бас-
қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор-
ганизмдегі су, тұз, көмірсу, май ал-
масуын және дене жылылығын жә-
не т.б. бірқатар физиологиялық құ-
былыстарды реттеп тұратын веге-
тативтік жүйке орталықтары бар.
АРАМзАЛЫҚ
– адам мінезіндегі
қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық-
тан туындайды. А. мінездің көрініс-
терін сұм, залым, ішмерез деп те атай
береді. А. пен өтірікшілік егіз қозы-
дай жаман қасиеттер. Халық даналы-
ғының «Арамзаның құйрығы бір-ақ
тұтам» дейтін мәтел осыдан қалған.
А. арам ниет, арам ой-пікір арқылы
көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз,
жексұрын сипаты ретінде адамның
кісілік қасиеті мен азаматтық тұлға-
сын бағасыздандыратын келеңсіз
қасиеттер. Құдай тыйым салған қы-
лық, іс мағынасында араб тіліндегі
«haram» сөзінен сын есім жұрнағы
арқылы жасалған жиренішті мінез-
құлық атауы.
Достарыңызбен бөлісу: