Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


САЛЫСТЫРУ – ойлаудың логика- лық тәсілдерінің бірі. Адамның ой- лауы әрқашан талдаудан және син- тезден басталады



Pdf көрінісі
бет505/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

САЛЫСТЫРУ
– ойлаудың логика-
лық тәсілдерінің бірі. Адамның ой-
лауы әрқашан талдаудан және син-
тезден басталады.
 
Ойлау – түйсік пен 
қабылдаудағы талдау мен синтездің
жаңа мазмұнға ие болған түрі. Тал-
дау дегеніміз – ой арқылы түрлі зат-
тар мен құбылыстардың мәнді жақ-
тарын жеке бөлшектерге бөлу. Син-
тезде ой арқылы заттың, құбылыс-
тың барлық элементтері біріктіріле-
ді. Талдау мен синтез бірімен-бірі 
тығыз
байланысты құбылыстар. Осы-
лардың негізінде салыстыру деп ата-
латын ой операциясы пайда болады. 
Салыстыруда заттардың ұқсастығы,
айырмашылығы айқындалады. Зат-
тарды, бейнелерді, ұғымдарды са-
лыстыру тұрғысындағы тапсырма-
лар ойлаудың дамуы мен оның кі-
нәраттарын психологиялық зерттеу-
лерде кеңінен қолданылады. Са-
лыстыруда адамның нені негіз етіп 
алатыны, бір объектіден екіншісіне 
өтудің жеңілділігі және т.б. жағдай-
лар талданады.
САЛЫ
САЛЫ


478
САНА
– адам психикасының ең жо-
ғарғы сатысы және болмыстың осы 
С. арқылы күрделі түрде бейнеле-
нуі. Адамның С.-лы әрекеті табиғат 
пен айналадағы нәрселерге ықпал 
етіп, еңбек әрекеті арқылы өзінің 
негізгі қажеттілігі мен мұқтажын 
қанағаттандырады. С. деп шынайы
дүниенің бейнесі ретінде, тек адам-
ға ғана тән және олардың еңбек 
ету үрдісінде дамитын психиканың
жоғары формасын атайды. С. психи-
ка дамуының ең жоғарғы сатысы, 
материя дамуының белгілі бір саты-
сында пайда болған қасиеті. С. ең 
көлемді қалыпқа келген және жоғары 
деңгейде кемелденіп жетілген мидың 
қызметі, материялық дүниенің жетіл-
ген бейнесі. С- психиканың адамға 
ғана тән ең жоғары сатысы, объек-
тивтік болмыстың адам миындағы 
бейнесі.
Бейнелеу теориясы негізінде адам 
дүниетанымының пайымдау мен се-
зіп білуден абстрактілі ойлауға, одан
тәжірибеге көшіп отыруы – ақиқат-
ты, объективтік шындықты танып 
білудің үнемі дамып, күрделеніп 
отыратын диалектикалық жолы. Бар-
лық дерлік психикалық үрдістер 
өзара байланысты болғандықтан, 
С. біртұтас құбылыс деп саналады.
Адам санасының өрістеуі мен жеті-
луі білімді меңгеріп, оны дамыту, 
өзінің практикалық іс-тәжірибеле-
рін өрістету арқылы белгілі жүйе-
мен зерттеліп отырады. Адам С-ның
дамып жетілуі ұзақ дәуірде эволю-
циялық жолмен дамып қалыптасқан 
тарихи үрдіс. С.-ның қоғамдық сипа-
ты мен дара адамның санасы жеке-
леп іздестіріледі. С. әлеуметтік да-
мумен, еңбек үрдісінің жетілуіне ты-
ғыз байланысты. Экономикалық (өн-
дірістік) қатынастарының өзгеруіне 
ілесе, адамның санасы да өзгереді.
С.-ның дамуы сыртқы ортадан тә-
уелді болып отырады дейтін түсінік-
ті ғылымда детерминистік принцип 
деп атайды.
Объективті себептіліктің зандылық-
тарымен нәрселердің шығу тегін тү-
сіндіретін принцип.
 
Себептілік дү-
ниенің заттары мен құбылыстары-
ның өзара байланыстарының шексіз 
тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті 
сипаттайды. Адам табиғаттың туын-
дысы, ондағы себептіліктің жемісі.
Ол дүниенің сырларын біртіндеп 
ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп 
отыратын белсенді тұлға. Адам сырт-
қы дүниемен байланыса отыра, оны 
біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің 
санасын дамытады, оның ешбір ру-
хани қасиеті туыстан ғана пайда 
болмайды. Болмыс пен шындықтың 
бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі 
арқылы бейнелеп, оның мән-жайын 
танып біледі. С. – әлеуметтік тірші-
лік иесі ретіндегі адамның рухани 
белсенділігінің ең жоғары деңгейі. 
Бұл белсенділікке тән ерекшелік –
шындық болмысты сезімдік және 
ойша бейнелер нысанында бейнелеу 
адамның практикалық іс-әрекетінен 
бұрын болады және осы іс-әрекетке 
мақсатқа лайықтылық сипат береді. 
Объективтік дүние, адамға әсер етіп,
елестеулер, түсініктер, ойлар және
сана мазмұнын құрайтын басқа да 
рухани феномендер түрінде бейне-
ленеді және мәдениет өнімдерінде 
таңбаланады. Психологияда С. өзін
қоршаған болмыстан ерекшелейді,
бұл болмысты мақсаткерлік іс-әре-
кеттің реттеушісі қызметін атқара-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет