Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет568/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТОРА
ТОРА


536
ның кейіпкерлері қажыр-қайратқа 
толы, әрқашан да күреске әзір, ылғи
да іс-әрекет үстінде, көздеген мақса-
тына жету жолыңда тынбастан қи-
мылдап, тіршіліктің тиімді жолдарын 
іздейді, бұларда түбінде жеңіске же-
теміз деген сенім баршылық: Тұрмыс-
та үмітім көп жеңем деген, Жігермен 
жеңуіме сенем деген. Ырқыма жүрер 
менің қай дүние, Көнбесе өз ырқыма 
өзім денем... Менде жоқ қажу деген 
де, ашу деген, Тарығып, болымсызға 
жасу деген...
Бұл жерде ол белсенділік, қажыр-қай-
рат, төзімділік, шыдамдылық, өзін-өзі 
билей алу, батылдық, қауіп-қатерден 
жасқанбай қиыншылыққа мойымау, 
т.б. – адамның тамаша еркін-жігер 
қасиеттері жайлы толғайды.
Қайрат-жігері ерекше күшті, мінезі 
темірдей берік адам ғана көздеген 
мақсатына жете алады. Ақын жастар-
ға: «жігерлі бол, жасыма, жасқанба, 
қылышпен шапса да, найза сұқса да, 
бейнеттің сан алуан түрлеріне төзе 
біл, ылғи да таудай талабың болсын 
(«Талпыну бар, талап бар, бүйткен 
адам оңады»), келешектен күдеріңді 
үзбе, ылғи да талпынып күресе бер, 
өмір деген толған күрес, тәуекелге 
бел байла да күреске түс, оны жеңбей 
қойма («Тәуекел күреске түс, бардағы 
жең»), босқа ынжық болма, жалғыз 
ғана оқумен теңелмейсің, алауыз аз-
ған, қоянжүрек қорқақ болма, кез
келгенге құлай берме, біреуге босқа
алданып қалма» деп талай рет тебі-
ренген ғой қайран ақын. Абайдың 
да, Сұлтанмахмұттың да жастарға 
айтпақ ойы ортақ: олар мына дүние-
ден өз орныңды таба біл, адам бол, 
қатарыңнан қалма, үнемі ілгері қара, 
жігерлі де, талапты бол, жалқаулық-
қа, еріншектікке салынба, ерінбей 
еңбек ет! Сонда ғана мұратыңа жете-
сің, өмірден орныңды табасың дей-
тін теңдесі жоқ ақыл-кеңестер берді.
Ақын шығармаларында бұдан бас-
қа да әр түрлі психологиялық құбы-
лыстардың табиғаты сөз болады. 
Мәселен, Сұлтанмахмұт адамның әр
түрлі қабілеті мен таланты, мінезі 
іштен тумайтынын, олар іс-әрекет
үстінде қалыптасатынын, барлық 
адамның қабілеті де бірдей болмай-
тындығы жайлы айтады. «Қазақ 
ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» 
деген мақаласында былай дейді: 
«Балаларының жайын түсіндіріп 
реттеймін деуге көне қоятын қазақ 
па? Біреуінің баласы жүйрік, бірі-
нікі жорға, бірінікі шабан». Осындай 
пікірді ол басқа шығармаларында 
талай рет қайталаған еді. Мәселен, 
«Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» 
деген өлеңінде: «Денеден-ақ көрініп 
тұрған жоқ па, Саусақтың алалығы 
біткен қолға», – деп ақын адам пси-
хологиясының кейбірі туыстан бе-
рілетіндігін астарлы сөзбен білдіріп
отыр. Адамның қабілет, талантының 
түрліше болуы оның тума ерекше-
ліктеріне де (нышандарына) тәуелді 
болып отырғандығын айтады. Бірақ 
сайып келгенде, адамның қабілет, 
таланты, нәтижелі іс-әрекеті бәрінен 
бұрын өзіне, адамның белсенді қи-
мыл-қозғалысына байланысты. Сұл-
танмахмұт бұл жәйтті де ескерген. 
Оның «Оқу малды таңдамас, зейін 
таңдар... Оқу бай, кедей, жақсы, жаман 
деп тандамайды, кім ыждиһаттанып 
ықыласын салса, оқу содан табылады» 
дейтін пікірлері біздің соңғы айт-
қанымызға жақсы дәлел бола алады.
Ақын ерекше мен беріп, көтерген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет