Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет565/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТОРА
ТОРА


533
ғармаларында жан қуаттары ғылыми 
атаулармен аталмайды және олардың 
әрқайсысына жеке талдау да жаса-
майды. Сұлтанмахмұт мұндай мақ-
сатты алдына қойған да жоқ, өйткені 
ол да Абай сияқты ғалым-психолог 
емес.
С.Торайғыров қазақ тарихында бі-
рінші болып жан мен тәннің яғни 
психика мен мидың (дененің) ара қа-
тынасы туралы мәселе көтеріп, бұл 
екеуінің өзара байланысын ғылыми 
тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Ол жан
мен тәннің ылғи да бірлікте, тұтас-
тықта, байланыста болатынын айта 
келіп: «Дене азыққа тоюдан жан ер 
жетер... Жан ер жетіп, дүниенің сырын 
табар...», – деп адамның тәні өсумен 
қатар жаны, ақыл-ойы сана-сезімі де 
бірге өсіп, («жас, тән мен сезім, білім 
қабат өсіп») жетіліп дамып отырады 
дейді. Тән мен жанның қоса өзгеруі-
нің негізін Сұлтанмахмұт тәнде, яғни 
мида деп түсінеді. Адам өлгеннен 
кейін онда «қимыл жоқ, сезім жоқ... 
жек көру жоқ, махаббат жоқ... өмір 
жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен 
бөлінген жанда ешуақытта өмір бол-
майды», – деп, осы мәселені мате-
риалистерше баяндайды.
XIX ғасырдың екінші жартысында 
өмір сүрген казақ ғұламалары сияқ-
ты Сұлтанмахмұт та адам тағдыры 
жайлы, оның қоғамдағы орны мен 
арман, мүдде-мақсаты туралы көп 
ойлап, терең толғанады. Ол еңбекші 
халыққа жаны ашып, дала өміріндегі 
тұрмыстың бүкіл тауқыметі кедей 
атаулының басында екендігін
өмірдегі адамға қажетті нәрсенің бә-
рі де осылардың қолымен жасалып 
жатқаңдығын, ал патша отаршылары 
мен олардың жергілікті жердегі 
жандайшаптары бұларды сүлікше 
сорып отырғандығын жақсы аңға-
рады. Ақынның ойынша адам – өскен 
ортасының, өмір сүрген жағдайы-
ның туындысы. «Дүниедегі нәрсенің 
бәрі, – деп жазды С.Торайғыров «Ке-
дей» поэмасына жазған эпиграфын-
да, – белгілі бір жағдай мен орта 
әсерінің нәтижесі. Бұл жағдай ортаны 
жасау-жарату адамның қолынан ке-
леді, адамның хайуанаттан өзгешелі-
гі де осында, адамның ақыл-ойымен 
табылған нәрсенің бәрі де осылай 
жасалған».
С.Торайғыров адам психологиясы-
ның қалыптасуы іс-әрекет үстінде 
болып отыратынын, мұнсыз сана-се-
зімнің дұрыс қалыптасып, дамы-
майтынын, адам тіршілігінің мазмұ-
нын да қоршаған ортасы, әлеуметтік 
жағдайлар билейтіндігін, сондай-ақ,
үй-іші, отбасы, әке-шешенің де «Көрге-
ні әке-шеше қандай болса, алмақшы 
сонан үлгі баласы да» дегендей, жас 
ұрпақ санасының қалыптасуыңда 
шешуші роль атқаратындығын жақ-
сы түсінген: «Жақсылық көрсем өзім-
нен, Жамандық көрсем өзімнен. 
Тағдыр қылды деулерді, Шығарамын 
сөзімнен», – деп ол адамның психо-
логиясы тағдырға, жазмышқа бай-
ланысты емес, керісінше оның өскен 
ортасына, бәрінен бұрын нақтылы 
іс-әрекетіне тәуелді екендігін айт-
ты. Ақын қоғамдық жағдай адам пси-
холгиясына ерекше әсер етіп, терең із 
қалдыратындығын, әр түрлі қоғамда 
адамның сана-сезімі де түрліше бо-
лып қалыптасатынын нақты дерек-
термен, «Кедей» поэмасында өте на-
нымды көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет