9-сынып «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата01.04.2022
өлшемі19,28 Kb.
#137551
түріПоэма
Байланысты:
Мақала


9-сынып «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. «Құлагер» поэмасындағы психологизмнің анық байқалатын тұсы қай бөлімде? А) Бай, бай, Құлагерім!..
В) Толғану
С) Ат шаңы
D) Ат қайтқанда
[1] 2. Шұғаның Әбдірахманға деген сезімінің оянуын білдіретін детальді белгілеңіз.
А) қос аттының келуі
Б) алтыбақанда кездесуі
С) отаудың сықырлауығы
Д) ауыл жастарының тойы
[1] 3. Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен алынған үзіндідегі бос орындарды өз қалауыңызша толтырыңыз. Сағыныш деген ..., бола да берер артық-кем, Ал нағыз ... араның балы бар тіптен. Мен мынау ... қара тасты да сағынам, Қаланып қалса тәртіппен. __________________________ __________________________ __________________________
[1] 4. «Ұлпан» романының шарықтау шегін анықтаңыз.
А) Біжікеннің соңғы сөзі
В) Ұлпанның монша салдыруы
С) Ұлпан өлімі
Д) Есенейдің қазасы
[1] 5. Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінде «жарылуға жақындап келем» деген жолға сәйкесін анықтаңыз.
А) Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде
В) қатем мен жеңістерім үшін менің мынау қиындау тағдырым болып о баста көріскенің үшін
С) кімнен өшімді аларымды білмей, кімдерге кінә тағарымды білмей, алдыңа лапылдап келем
D) шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем
[1] 2-БӨЛІМ
6. Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан, Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, сағыну менен шаршаудан. Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние, Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, – деген жолдарда автор бейнесі, өмірге деген құштарлығы мен сағынышы қалай байқалды? Талдаңыз. (5-6 сөйлем).
[3] 7. Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім. Аспан асты, жер жүзі – кең сақара Күн көріп атам қазақ келген мәлім. Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын, Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым. Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы, Білген жан бекер демес аттың жайын. Берілген жолдарда автор қайталаудың қай түрін қолданды? Автор стилін бағалаңыз. (5-6 сөйлем).
[3] 8. Шұға мен Әбдірахманның қосыла алмауына сюжеттегі кедергі болған жайттарды талдаңыз.
[3] 9. Ф.Оңғарсынованың «Біреудің күлкісін көріп, бақыттының түр-түсін көріп, шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем, алдыңа күлімдеп келем», - деген жолдарын негізге ала отырып, өлең туралы өз сезіміңізді бір шумақпен немесе қарасөзбен жазыңыз.
[3] 10. «Ұлпан» романындағы оқиға шешімі оқырман ретінде сізге қалай әсер етті? 5-6 сөйлеммен талдап жазыңыз.
[3] 3-БӨЛІМ
11. Тақырыптардың бірін таңдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына өз пікіріңізбен баға беріңіз.
1. Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі сағыныш сазы.
2. Ұлпан – ел тізгінін бекем ұстаған, «Есенейдің Есенейі» болып, Ел анасы атанып, халық қамқоршысына айналған тарихи тұлға. Шығармадағы Ұлпан бейнесін даралап тұрған қасиеттерді қалай бағалайсыз?
3. І.Жансүгіров «Құлагерінің» көркемдік құндылығы неде?

Қайныш апамыз – 100 жаста!

«Қарты бар елдің – қазынасы бар, Қызы бар елдің базынасы бар» деген мақалдың астарында терең мағына жатыр. Дана халқымыз үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, киелі, берекелі жанұя деп тамсанып, мақтанып отырған. Жанұяда бала тәрбиелеудегі үлкен тұлға – анасы мен әжесі. Әжелеріміздің бойындағы балажандылық, бауырмалдылық қазақ халқына ежелден тән қасиет. Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, еңбекқорлығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен қараулары үнемі бізге үлгі болуға тиіс. Бүгінгі біздің тілге тиек еткелі отырғанымыз шуақты көктемнің алғашқы мерекесімен қатар келіп отырған Үржар ауданы, Сегізбай ауылының тұрғыны Дюсембинова Қайныш апамыздың 100 жасқа толу мерейтойы туралы болмақ. Қайныш апамыз 1932 жылдың 8 наурызында Ақсуат ауылының Комсомол совхозында дүниеге келген. 1951 жылы жары Махмет атамен бас қосып, шаңырақ көтереді. 1962 жылы Тасбұлақ ауылына отбасымен көшіп келген. Содан бері совхоз жұмысына араласып, еңбек жолын бастайды. 10 құрсақ көтерген алтын құрсақ анамыз 1982 жылы зейнетке шығады. Қазіргі таңда 3 баласы, 7 немере, 3 шөбере көріп отырған бақытты әже. Бір ғасыр жасаған әжемізді құттықтауға ауыл әкімшілігі, мектеп әкімшілігі болып әжемізге жол тарттық. Ақ орамал тағып, шапан кигізіп әжемізден бата алдық. Бұл бүкіл ауылымыздың, ауданымыздың ортақ қуанышы. Қуаныштан әжеміздің жүзі бал-бұл жайнайды. «Менің кәрілікке бой алдырмау себебім – ол қозғалыс, өзің сүйген істен алатын күш-қуат» деп құпиясымен бөлісті. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы. Әр күндері мереке болып өтеді. Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі десеңізші.

Балл қою кестесі


№ Жауабы Балл Қосымша ақпараттар 1 А 1 2 С 1 3 «молшылық қазына, асқақ сағыныштарда, ыстық жүрегімменен» деген сөздерге мағыналас жауаптар қабылданады. 1 4 А 1 5 С 1 6 автор бейнесін, өмірге деген құштарлығын талдайды; 3 7 автор стилін бағалайды; 3 8 шығарма сюжеті бойынша кейіпкерлер өміріндегі оқиғаларды талдайды; 3 9 автор стилін сақтай отырып, шығармашылық жұмыс нәтижесін көрсетеді; 3 10 шығармадағы оқиға шешімі туралы талдап жазады; 3 11 өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе алады; тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік баға береді; орынды пікір, дәлелдер келтіреді; өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады; стильге сай жазады; құрылымын сақтайды. 2 2 2 2 1



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет