Байланысты: Саба та ырыбы М алім с зі о ыту мен т рбиелеу ралы
2 апта: Практикалық сабақ тақырыбы: Мұғалім сөзі – оқыту мен тәрбиелеу құралы
Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл сан алуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша білуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар - биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып белінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам - Табиғат», «Адам - Техника», «Адам -Белгі», «Адам - Бейне», «Адам - Адам».
Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е. А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау, т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі .
Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің (Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.
«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер : сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға селқостық, адамға ешбір пиғылсыз, қызығушылық білдірудің болмауы». Бұл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған бейнесі. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері - кәсіби кұзырлылық және дидактикалық мәдениет.
Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда, өзіне назар аудартатын жағдай - онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен, «Адам-Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалык іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады
Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын белгіледі:
1. Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).
2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял жэне логикалық әрекеттер жатады.
3. Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалаушы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен баскару әрекеті.
4. Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.
Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен жэне оларды орындаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектіде қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін жэне осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.
Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде - Е. А. Климов санаға қатысты сыртқы жэне ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тэсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.
Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.
2.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі құрамдас бөлігі – мотивация. Мотивация термині мотив сөзінен шыққан.
“Мотивация” ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).
Мотивация – мотивтер әрекеті процесін, тұлғаның бағытын бейнелейтін, маңызды мотивтер жиынтығынан тұрады, ол іс-әрекеттің құндылық бағдарын анықтайды.
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері:
• Мұғалімдердің ықпал және сүйікті оқу пәнінің әсері;
• отбасы және отбасылық дәстүрлер;
• Жұмыс тәжірибесінің болуы
Педагогикалық мамандықты таңдаған студенттер типі:
1) Мұғалім мандығын таңдауда мотивінің болуы (сүйікті оқу пәні);
2) Саналы таңдалған мотиві жоқ студенттер;
3) Ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары студенттер;
4) ЖОО-да нақты педагогикалық іскерліктері анық байқалатын студенттер
Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді.
Ішкі мотивтер:
• Мамандықтың қоғамдық және тұлғалық мәнділігі мен маңыздылығы;
• Жұмыстың шығармашылық сипатына байланысты рахаттану;
• Қарым-қатынас мүмкіндігі, басқаларды басқару және т.б.
Сыртқы мотивтер:
Жағымды сыртқы мотивтер:
• Материалдық ынталандыру;
• Қызмет бабында өсу;
• Басшылықтың, ұжымының құптауы;
• Беделділік және т.б.
Жағымсыз сыртқы мотивтер:
• Жазалау;
• Сынау;
• Қорқыту және т.б.
Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады:
1) үлкендер, отбасы позициясы;
2) құрдастар позициясы;
3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.);
4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар;
5) қабілеттер және олардың көрінулері;
6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу;
7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу;
8) бейімділік .
Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекше факторлардың бірі - балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В.Кузьминаның мәліметтері бойынша, негұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі - балаларды оқыту мүмкіндігі - педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.
Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.
Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда мамандыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары».
Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.
3. Педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасының дамуы.
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.
Көп деңгейлі құрылымды білім беру мекемелерінің мақсаты:
Тұлға мен қоғамның көптеген мәдени-білім беру сұраныстарын қанағаттандыру үшін білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, өзгермелі экономика және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес маманды жалпы мәдени, ғылыми және кәсіби тұрғаыда дайындау
Педагогикалық білім беру мазмұны: Жалпы мәдени блок – 25%, Психологиялық-педагогикалық - 18%, Пәндік блок – 57%
• Жалпы мәдени блок – мұғалімнің дүниетанымын дамытады, өмірлік және кәсіби өзін-өзі тануына жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
• Психологиялық-педагогикалық блок – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі тануына, шығармашылық дербестігін дамытуына бағытталады.
• Пәндік блок – нақты ғылыми білім мазмұнын қабылдауға бағытталады.
Педагогикалық білім беру мазмұынының негізгі жүйе құраушы элементтерінің бірі – студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны үш бағыт бойынша құрастырылады:
- Әлеуметтік-мәдени;
- Психологиялық-педагогикалық;
- Пәндік.
Педагогтың кәсіби сапалары
- Эрудиция;
- Мақсат қоюшылық;
- Практикалық және диагностикалық ойлау,
- Интуиция;
- Импровизация;
- Байқағыштық;
- Оптимизм;
- Тапқырлық;
- Рефлексия (А.К.Маркова бойынша)
Мұғалім тұлғасының доминантты сапалары
- Әлеуметтік белсенділік;
- Мақсатқа бағыттылық;
- Тұрақтылық;
- Әділеттілік;
- Адалдық;
- Қазіргі заманға сай болу;
- Ізгілікті болу;
- Эрудиция;
- Педагогикалық такт;
- Толеранттылық;
- Педагогикалық оптимизм
4. Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін - өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрліше қарастырған. Мысалы, Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін - өзі тануға шақырса,Я.А.Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатыны атап айтқан. Ж.Ж.Руссо « балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуғы » ұмтылуын, И.Песталлоци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы «тұлғалық бағдарлы оқытудың» негізін салып, өзін - өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету.оның өзін -өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.