/ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ/ Сабақ тақырыбы: «Аяз би» ертегісі
5 - сынып Мақсаты: Білімділік - «Аяз би» ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау;
Дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;
Тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қорытынды сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация құру, араласқан жоспар, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму
деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті
тақтада слайдтар.
Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген. Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған «Аяз» қаласының орны да дәлелдейді. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.
Бәйге БІЛУ. Ұжымдық тапсырма (ауызша) 5 минут
«Бәйге» ойын стратегиясы. /диалог/
(әр сұраққа 1 ұпай) 1-топ: 1.Ертеде кім деген хан болыпты?
2.Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?
3.Хан оларды табуға қанша уақыт берді?
4.Тастың ішінде қандай неше құрт бар?
5.Уәлидің қызы кім?
6.Қыздың жасы нешеде?
7.Хан Жаманды қайда жұмсады?
8.Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?
2-топ:
1.Ханның неше уәзірі болыпты?
2.Хан Жаманға қандай тағам бергізді?
3.Жаманның жасы нешеде еді?
4.Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?
5.Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді?
6.Ханның шешесі неше жаста?
7.Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?
8.Қырық уәзір Жаманды неше күншілік жолға шығарып салды?