Аяз би Аяз би Жаманұлы



Дата08.12.2016
өлшемі23,3 Kb.
#3449
  • Аяз
  • би
  • Аяз би Жаманұлы
  • Қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға
  • айналып кеткен ақылгой абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа
  • “Аяз би” ертегі мен “Аяз биі әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл” дейтін қанатты
  • нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде
  • әртүрлі дерек бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты
  • Қазыбек би Тауасарұлының өзінің “Түп –тұқияннан өзіме шейін” дейтін
  • кітабында Аяз биді және оның серігіҚұмырсқа батырды Майқы би дәуірінде
  • өмір сүрген Майқы Мәнұлының оң жағында
  • отыратын сенімді ақылгөй билері еді деп жазады.

Бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы, тұстас боп шығады.

  • Зерттеуші
  • Балтабай Адамбайұлының
  • “Алтын сандық” атты ( 1989ж.)
  • кітабындағы дерек бойынша
  • Аяз би Хиуа хандығы
  • дәуірінде өмір сүрген
  • тарихи адам деп, оны
  • ХІ-ХІІ ғасырға
  • жатқызады.

Қазақ Совет Энциклопедиясында Аяз би жайлы жазылған мәліметте:

  • “Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқысында уәзір болады. Бұл үшін ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады.шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күңшіл, ақылсық қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін
  • Мадан мойындап, халыққа қалап, оны
  • хан етіп көтереді”.

Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған.

Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал, Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен.

Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болған. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасында елшілік, бітімгершілікпен айналысады.

Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап, түзеп, бағыт беріп жібереді екен.

Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:

  • Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
  • Ертең жұрттың төбесін тесесің.
  • Майқының да айтатын кебі бар,
  • Айтуға аузының да ебі бар.
  • Хан сөзінің қашан да бәрі дұрыс,
  • Әзір сөзімде болмас бұрыс.
  • Ақылым алжыған жоқ,
  • Ондайды болжағам жоқ,
  • Орынсыз ауыз ашшаң,
  • Екі би басарсың жоқ.
  • Аяз би әліңді біл,
  • Құмырсқа жолыңды біл.
  • Ел арасында
  • “Аяз әліңді біл,
  • Құмырсқа жолыңды біл”
  • деген нақыл сөз содан
  • қалса керек.
  • Майқы би
  • Мәнұлы
  • Майқы би
  • Мәнұлы
  • Біздің дәуірімізге дейінгі
  • 178 жылы туып,
  • 89 жылы дүниеден қайтқан.
  • “Түгел сөздің
  • түбі бір,түп атасы Майқы би”
  • дейтін қанатты сөз атадан балаға
  • атағы таралып келе жатқан
  • Майқы би бабамыздың түйінді
  • аталы, баталы, даналы шешен
  • сөздің де би біткеннің де басы
  • болса керек.

Қазақ шежіресінде екі Майқы би болғанға ұқсайды. Оның алғашқысы Ғайса пайғамбардан он екі жыл бұрын билік құрған Мәнұлы Майқы би. Соңғысы шыңғыс хан заманында ғұмыр кешкен сайқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы).

Майқы би Мәнұлы туралы дерек шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының “Түп – тұқияннан өзіме шейін” деген шежіресінде кездеседі.

Майқы би Мәнұлының ата тегі былай таралған:

  • Ежелгі Елсау биден Нулы, Абыл. Абылдан – Қайыр, Қарғын, Тарғын. Қайырдан – Бақ, Шақ, Асық. Бақтан – Таң, Таңат, Шарт. Таңнан – Пәр, Өрт. Пәрден – Мән, Кен, Кеме, Тоқ. Мәннен – Майқы, Мойыл.

“Майқы Мәнұлы өз заманында бүкіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Майқының заманында “Қарқуардай Майқы” дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне байланысты болса керек.

Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай түннің бір шамасында сайрауын қояды екен. содан екі би сауым ғана дем алып, таң құлан иектене қайта сайрайды деседі. Міне, Майқы атамыз сондай шешен болыпты”.

  • Майқы бидің қол астына
  • кең байтақ жерлер
  • Теріскек жағы –
  • Көкше теңіздеріне
  • шейін
  • Оңтүстігі –
  • Үйсін тауларына
  • дейінгі жерлер
  • Шығысы –
  • Тарбағатай
  • тауы
  • Батысы –
  • Шу алқабы
  • Орталығы –
  • Шығу шаһары

Майқы би елді бейбітшілік жолымен әділ де адал басқарған. Өзінен бұрын әр тарапқа бытырап кеткен елдердің басын біріктіріп, ұйымшылдыққа, ел бірлігіне үндеген.

Майқы өз төңірегіне ақылды, дана кісілерді, батырларды, би, шешендерді, ақын-жырауларды, әнші-күйші, өнерпаздарды, балгар, құмалақшы, жауырыншы, зергер ұсталарды көп жинаған. Олармен үнемі бас қосып ақылдасып отырған.

  • Төле би
  • ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда
  • өмір сүрген.
  • Үйсін елінен шыққан би.
  • Төле бидің
  • атымен ел аузында,
  • халық жадында
  • мол мұра қалды.
  • Төле
  • би

Төле би бала кезінен ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, тіпті ұсақ – түйек дау-дамайға кесім айтып отырған. Кейіннен оның үлкен мемлекеттік істерге, ел тағдырына қатысты жайларға бел шешіп кірісіп, бәтуалы істер тындырғанын ел біледі, тарих айтады.

  • Төле би
  • Тәуке ханның атақты
  • “Жеті жарғысын”
  • жасасқан бас биінің бірі.
  • Төле ер тұрмысын,
  • арғы-бергі тарихты,
  • оның сабақтарын
  • ой көзімен барлаған,
  • алғыр шешен,
  • көреген көсем саналған.

Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған.

Төле бидің туған әкесі - Әлібек. Төлені халық “Үйсін Төле би” деп атаған. Атадан балаға ауысып, айтылып келе жатқан аңыздар бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты, реңді кісі болған.

Әулиеата ( қазіргі Жамбыл) төңірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент маңында Жиделібайсын жерінде, Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ ( ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған.

Төле көп жасаған. Оған дәлел Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Әйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқакөл деген көлді даулайды, бірақ Орта жүздің бас биі Орманбет оларға былай дейді:

  • Екі би, айтқан сөзің жарасады,
  • Еншіге әркімдер-ақ таласады...
  • Қасқакөл Орта жүздің көлі еді ғой,
  • Айтқандарың қиянатқа жанасады,-
  • деп көлді бермейді.

Кейін Орманбетті анасы көндіріп, көлді үш жүздің рулары бірге жайлайтын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып былай депті: Қасқакөлді алам деп келіп едім, Орманбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып, Мәңгіге тірілместей болып едім...

  • Қаз дауысты
  • Қазыбек би
  • Қаз дауысты
  • Қазыбек би
  • Қазақтың аса айтулы, айбынды,
  • аруақты биінің бірі. Оның өмірі негізінен қалмақ
  • шапқыншылықтары
  • өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел
  • аузындағы әңгімелерде, тарихи деректерде, көбінесе
  • Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады.
  • Халық оны “Қазып айтқан Қазыбек” деп қастерлеген.
  • Қазыбек бидің: “Біз қазақ деген мал баққан елміз,
  • бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз; елімізден
  • құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
  • деп, найзаға үкі таққан елміз” ешбір дұшпан басынбаған
  • елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз” – деп келетін
  • жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз.

“Қаз дауысты Қазыбек айтты” деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазыбек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.

Қазыбек есімі халыққа пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек (14жасында) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжге барып,батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен.

Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады.

Шоқан Уәлиханов та естіген. Ол “ХVІІІ ғасырдың батырлыры туралы тарихи аңыздар” дейтін мақаласында былай дейді:

“Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз” деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: “бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі. Біріншісі, Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған”.

Халық шежіресі бойынша, Қазыбектің Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет деген бес ұлы, Манқан есімді бір қызы болған.

Қазыбек қайтыс болғанда, қызы мынадай жоқтау айтқан екен:

  • Өсиет қылдың қазаққа,
  • Сарыарқа деп қонысың;
  • “Қалмақ, сартпен жауласпа,
  • Болсасың дедің жұмысың.
  • Өнерсіз өскен ел дедің,
  • Біреу саған жау болса,
  • Паналауға жарайды,
  • Мынау көрші орысың,
  • Орыспенен жауласпа,
  • Есіңде бол ісім”.
  • Әйтеке би

Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Ол сиқырлы да, сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған.

  • Суалмайтын суат жоқ,
  • Тартылмайтын бұлақ жоқ.
  • Құйрығы суда тұрса да,
  • Уақытысы жеткенде
  • Қурамайтын құрақ жоқ

Ш. Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің есімін Төле бимен қатар айтады. Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшісі болған.

  • Әйтеке – шешендігімен бірге ел басқарған, заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.
  • Назарларыңызға рахмет!
  • Сау болыңыздар!
  • Дайындаған:
  • Ғалия
  • Сыздықова


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет