Оспанова А. З., 1502-13 Физика Біздің қоғамдағы ғылымның рөлі Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасы өзiн әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары." деген. Бұл дегеніміз адамның өмірі мен әлеуметтік жағдайы басты орында. Ал, адамның құндылықтарын қамтамасыз ету үшін, еліміздің экономикалық жағдайы мықты болу қажет. Еліміздің Экономикалық жағдайы ғылыммен тікелей байланысты. Оған дәләл ретінде тарихқа үңілсек болады. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету, табиғатты тануға және өмірімізді оңтайландыруға бағытталған.
"Ғылым"деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды
Яғни, ғылым-адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы.
Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпқырлы кызметтің белгілі бір жактарын зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану; таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады.
Ескеретін жайт, ғылым әрине біздің өміріміздегі керемет дүние, алайда оның да қоғам өміріне зиян жақтары болып жатады. Зиян жақтарын алып тастап, тек өзімізге және табиғатқа пайдасы бар нәрселер үшін қолдану әр адамның мақсатына айналса екен деп ойлаймын.