Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет572/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТҰЛҒА – 
1) дербес әрекетпен айна-
лысаын субъект ретіндегі нақты же-
ке адам. Ол оның өзіндік бағыт-бағ-
дары, көзқарасы мен сенімі, қызығу, 
қажеттерінен көрініс береді. Т. әлеу-
меттік тіршілік ету жағынан дара бо-
лады, оның өзіндік дүниесі ерекше
өмір жолын белгілейді және ол маз-
мұны жағынан әлеуметтік жағдай-
лармен анықталады. Ал тегі, құрылы-
мы және нысаны жағынан даралық 
сипатта болады. Тұлғаның мәні нақ-
ты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, 
оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі 
ТҰҚЫ
ТҰЛҒ


540
өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады.
Табиғи таланттардың, туа біткен 
ерекшеліктердің маңызды рөлін Т. 
дамуында әлеуметтік факторлар жа-
ңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің 
тіршілік ету әдісі дегеніміз – адам 
өмірінің (неғұрлым ерекше немесе 
неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның 
бірегей және бесаспап қасиеттерінің 
бірлігі, тұтас жүйе: 2) адамдар ара-
сындағы өзінің ұстаным-орнын ер-
кін және жауапкершілікпен анықтай-
тын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. 
Қоршаған ортамен, қоғамдық және 
адами қарым-қатынастар жүйесімен, 
мәдениетпен өзара әрекеттестікте 
қалыптасады.
Адам тұлға болып туа қаламайды, 
әлеуметтену процесінде тұлға болып
шығады. Т. ұғымы – отандық психо-
логияда негізгі ұғымдардың бірі. 
Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып 
саралануын білу мұғалімнің өз шә-
кірттерінің ерекшеліктерін тез аңға-
руына көмектеседі. Т. психологиясы-
ның дамуына сонымен бірге оның 
өзі кіретін әлеуметтік топтың психо-
логиясы да әсер етеді. Т. -ны білу –
оның іс-әрекетін тиімді басқарудың 
алғышарты. Т. туралы теориялар: 
биологиялық, биоәлеуметтік, әлеу-
меттік, психодинамикалық (Фрейд),
гуманистік (Маслоу), психоаналити-
калық (Юнг), әлеуметті – когнитивтік 
(Бандура), бихевиористік (Скиннер), 
тұлғалық типтік (Айзенк), психоәлеу-
меттік (Эриксон), даралық (Адлер), 
феноменологиялық (Роджерс) т.б.
Жеке адамның 
кұрылымы 
(структу-
ралары): 
биологиялық 
(жасы, жыны-
сы, темпераменті, дене бітімі, физио-
логиясы т.б.); 
психологиялық 
(зейіні
танымдық әрекеттері, қабілеті, міне-
зі, еркі, сезімі, т.с.с); 
әлеуметтік 
(қо-
ғамдағы орны, қарым-қатынасы, т.с.с); 
бағыттылығы 
(ниеттері, тілектері, 
ұмтылыстары, құндылықтары т.с.с).
Т. негізгі белгісі – оның дара өзгеше-
лігі. Тұлға немесе жеке адам психо-
логия ғылымында зерттелетін негізгі 
категориялардың бірі. Т. (жеке адам) 
психологиясы адамтану ғылымдары 
жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл са-
ла адамның даралық сипаттарын қа-
растырып, оның
іс-әрекетіне сәйкес 
қадір-қасиеттерінің қалыптасуының 
психологиялық механизмдері мен 
заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен бірге адамның құрылымы 
мен адамдардың типтік мақсаттары-
мен байланысты теориялық мәселе-
лерді де зерттейді. Ондай мәселелер 
осы замандағы психологияда айрық-
ша маңызды деп саналатын биоло-
гиялық және әлеуметтік факторларға 
негізделе отырып қарастырылады. Т. 
психологиясы адамның қажеттілігі, 
мұқтаждығы, іс-әрекетінің түрлері, 
ептілігі, дағдысы, әдеттері, қызығу-
шылығы, сенімдері, ұмтылыстары, 
құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, 
арманы, кісілік сипаттары мен пси-
хологиялық құрылымдарын зерттей-
тін психологияның саласы. Т. белсен-
ділігі – тұлғаның сыртқы ортаға, бас-
қа адамдарға және өзіне-өзі ынталы 
әсері. Т. статусы – адамның тұлға-
аралық қарым-қатынастар жүйесінде-
гі орны мен оның топ мүшелеріне 
психологиялық ықпалының мөлше-
рін білдіретін ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет