Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет76/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ӘБУН
ӘБУН


76
Фараби «Үлкен музыка кітабының» 
авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, 
психология, акустика, математика, ас-
пан өнері проблемаларын қамтитын, 
жинақты шығарма. Осы трактат жа-
йындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-
зерттеудің тыңнан жүргізілгені, со-
қыр сенім атаулыдан аулақ, айқын 
творчестволық программаның алға қо-
йылғаны көрінеді... Ол музыка прин-
циптерін және соған қатысы бар мә-
селелерді зерттеумен тынбайды. Ол 
өзіміз қолданып жүрген музыкалық 
аспаптарды үйреніп алғанға дейін 
зерттеуін жүргізе береді. Сөйтіп осы 
аспаптардың көмегімен принциптер-
дің қалай жүзеге асырылатынын көр-
сетеді.
Фараби еңбектерінде музыканың 
адамның эстетикалық сезімдеріне қа-
лайша әсер ететіндігі, оның әртүрлі 
жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін 
қалайша туғызатындағы, адамның эс-
тетикалық талғамы, яғни әсемдік 
пен көріксіздікті бағалай алуы, бір 
сөзбен айтқанда, оның талғамдарды 
қалыптастыруға қалайша әсер ете-
тіндігі сөз болады. Бұларда, сондай-
ақ эстетикалық сезімдердің дүние-
дегі әсемдік пен күйкі заттарды қа-
былдаудағы атқаратын рөлі, музыка-
ның адам организмін бірқалыпты 
күйге келтіруі жайлы әңгіме бола-
ды. Фараби жақсы музыкалық шы-
ғармалардың адамгершілік қасиет-
терді қалыптастырудағы маңызына 
тоқтала келіп, эстетикалық талғам мен 
этикалық ұғымның тығыз байланыс-
та екендігіне ерекше назар аударады.
Ұлы ойшыл музыканың адамға беретін 
әсерінің сырларын дәлелдей келіп
мұның адам өміріндегі алатын ғылы-
ми зор маңызын былайша түсіндіре-
ді: 
«Бұл ғылым (музыка, ән) өзінің 
байсалдылығынан айырылған адам- 
ды түзеуге, қызба адамды бірқалып- 
ты ұстауға құдіреті әбден жетеді». 
Бізге эстетикалық сезімдердің әртүр-
лі жағымды, жағымсыз эмоциялар-
дың жиынтығы екендігі, онда махаб-
бат пен жек көрушілік, қуаныш пен 
қайғы, тағы осындай адамның толып 
жатқан көңіл күйлерінің тоқайласып 
жататындығы белгілі. Музыка трак-
таттарының бірінде Фараби былай 
дейді: музыканың негізгі мақсаты 
адамның эстетикалық қажетін қана-
ғаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ 
қасиет, өйткені поэтикалық тіл мен 
музыка тілі бір-біріне етене қабысқан 
кезде ғана музыканың әсерлілігі арта 
түседі. Адамзатқа тән ерекше бір 
жақсы қасиет – өзін қоршаған дүние-
нің әсемдік сырларына үңілу, содан 
рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін 
образдар арқылы паш ету; «Музыка-
ның ұлы кітабы» деген еңбегінде Фа-
раби дауыс өнеріне үлкен мән беріп, 
оны жоғары бағалайды. Ән өнері адам 
жанының нәзік сезімін бейнелейтін 
тамаша құралдардың бірі. Оны адам-
зат тарихынан
 
бөліп қарау мүмкін 
емес, өйткені, ол – адамдармен бірге 
өсіп, біте қайнап келе жатқан айны-
мас жан серігі, өмір өткелінің сырла-
рын дауыс арқылы бейнелейтін жан-
ды тарих. Ежелгі дүниенің ұлы ойшы-
лы Аристотель өзінің «Саясат» дейтін 
еңбегінде музыканың ізгі моральдық 
принциптерді қалыптастырудағы зор
маңызы туралы айта келіп оны тәнді 
ширатып, шыңдайтын гимнастика-
мен салыстырады, мұның адам ден-
саулығына пайдасы мол екендігін ай-
тады. Тән ауырғанда көңілдің күрт 
түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездер-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет