поезда әрқайсысы 100 теңге тұратын төсек-орынды пайдаланғаны үшін төлем квитанциялары (екі дана);
тәулігіне 1150 теңге төлеп қонақ үйінде 7 тәулік тұрғаны үшін есептесу шоты;
іссапардағы барлық күндері үшін 4 АОК көлемінде тәуліктік ақы төленді.
Іссапарға шығарда қызметкер кассадан 45 000 көлемінде алдын-ала ақшалай төлем ақы алды. Қалған бөлігі кассаға қайтарылды.
Орындау керек:
Ақтөбеге өнімді өткізу бойынша келіссөз жасау үшін іссапарға жіберілген өткізу бөлімі қызметкерінің алдын-ала төлем ақы алу есебін құрып, тексеріп, өңдеңдер.
Бухгалтерлік есеп шоттарында осы тұлғамен есептесу операцияларын көрсетіңдер.