«Бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептер»



Дата12.09.2020
өлшемі17,15 Kb.
#78182
Байланысты:
Есеп



«Бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептер»
1. Саябаққа серуендеуге шыққан 3 ересек адам және олардан 2 адамға артық бала шықты. Саябаққа серуендеуге қанша бала шықты?
Ересек адам – 3

Бала - ? 2 адамға артық

Қанша бала шықты - ?

Шешуі: 3+2=5

Жауабы: Серуендеуге 5 бала шықты.

2.Автобуста 3 ұл бала жəне олардан 6-уы артық қыз бала отырды. Автобуста неше қыз бала отырды?
Ұл бала – 3

Қыз бала - ? 6-уы артық

Отырды - ?

Шешуі: 6+3=9

Жауабы: 9 қыз бала отырды.

3.Айгүлде 5 қуыршақ бар. Ал Нұргүлде одан 3 қуыршақ артық. Нұргүлде қанша қуыршақ бар?
Айгүл – 5 қ.

Нұргүл - ? 3-еуі артық

Нұргүлде бар - ?

Шешуі: 5+3=8

Жауабы: Нұргүлде 8 қуыршақ бар.

4.Бақшада 7 қызыл қызанақ пісті, ал қызылға қарағанда 3 сары қызанақ артық пісті.
Барлығы неше сары қызанақ пісті?

Қызыл – 7 қ.

Сары - ? Қ. 3-қ. Артық

Сары қызанақ - ?

Шешуі: 7+3=10

Жауабы: 10 сары қызанақ пісті.

«Екі топ заттарды салыстыруға арналған есептер»
1.Сөреде бірнеше кітап тұр еді. Оған 4 кітап əкелінді. Сөреде барлығы 10 кітап болды. Сөреде неше кітап тұрған еді?
Бірнеше кітап тұр.

Əкелінді-4 к.

Барлығы – 10 к.

Тұрған еді - ?

Шешуі: 10-4=6

Жауабы: 6 кітап тұр еді.

2.Жемсалғышта 7 торғай отырды. Біраздан кейін 2 торғай ұшып кетті. Жемсалғышта неше суық торғай қалды?
Болды – 7 т.

Ұшып кетті – 2 т.

Қалды неше торғай-?

Шешуі: 7-2=5

Жауабы: Қалды 5 торғай.

3.Ағасы 8 кірпіш тасыды. Ал інісі одан 3 кірпіш кем тасыды. Інісі неше кірпіш тасыды?
Ағасы – 8 к.

Інісі - ? 3- еуі кем

Тасыды - ?

Шешуі: 8-3=5

Жауабы: Інісі 5 кірпіш тасыды.

4.Көлде 9 аққу және 4-еуі кем үйректер жүзіп жүр. Көлде неше үйрек жүзіп жүр?
Аққу – 9

Үйрек - ? 4-еуі кем

Үйрек жүзіп жүр-?

Шешуі: 9-4=5

Жауабы: Көлде 5 үйрек жүзіп жүр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет