+ өкпе туберкуломасы//
***
Науқас 42 жаста. Жедел ауырған, температурасы 38єС-қа дейін, құрғақ жөтел, оң жақ бүйірінің ауырсынуы. Перкуторлы: оң жақта тұйықталу. Аускультативті: оң жақта тынысы естілмейді. Рентгенограммада оң жақөкпесінің төменгі бөлімінде жоғары шекарасыныңқиғашымен гомогенді қараю бар. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, ЭТЖ 25 мм/с. Болжам диагноз қандай болады?//
+ экссудативті плеврит//
***
Науқаста жоғары температура 40єС дейін, айқын интоксикация, көп мөлшерде шырышты-іріңді сасық иіспен қақырықты жөтел. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, ЭТЖ 30 мм/с. Рентгенограммада ортаңғы өкпе алаңында инфильтративті көлеңке ақшылдау аймағымен және сұйықтық көлемімен. Түбірі өзгермеген. Синустары бос. Қандай диагноз болжам болады?//
+ абсцестелетін пневмония//
***
Науқас 35 жаста. Туберкулезді ауруханада стационарлы емделген, мынандай диагнозбен: Оң жақөкпенің жоғарғы бөлімінің инфильтративті туберкулезі жайылу фазасында, туберкулез микобактериясы (+). Екінші айдың аяғына таман стационардан өз еркімен кетіп қалған. Өкпесінен қан кетіп жедел жєрдем бригадасымен жеткізілген. Қарағанда: Науқас өңсіз, акроцианоз, ТЖ минутына 30, температурасы 37,50С. Жөтелгенде аузынан қызыл қан шығады. Қан кету бір саған бұрын басталған, осы уақыт көлемінде 200 мл шамасында қан жоғалтқан. АҚ 80/50 мм с.б., PS100. Айтылғандардың ішінде қайсысы осы жағдайды тоқтатады?//
+ гемостатиктер, жөтелге қарсы препараттар. Арнайы ем.//
***
Науқас 65 жаста оң жақ иығыныңқатты ауырсынуымен дәрігерге қаралған. Ауырсыну екі ай бұрын басталған. Науқас 4-5 кг арықтаған, адинамияға дейінгі әлсіздікті байқаған. Жас уақытында туберкулезбен ауырған, қалай екені белгісіз. Қарағанда оң жақтық Горнер синдромы байқалады: птоз, миоз және экзофтальм. Рентгенограммада оң жақөкпенің пневмотизациясының гомогенді төмендеуі байқалады. Келтірілгендердің ішінде қайсысы диагностикада келесі қадам болып табылады?//
+ фибробронхоскопия//
***
Науқас 40 жаста, әлсіздікке, қалтырауға және дене массасының төмендеуіне шағымданады. Бұғана үсті лимфа түйіндері пальпацияланады. Рентгенологиялық: оң жақөкпенің I сегменті гомогенсіз қарайған, оң жақ түбірі ұлғайған, контурлары тегіс емес, оң жақ пара- трахиобронхиальді лимфа түйіндерініңұлғайғаны байқалады. Қақырығында туберкулез микобактериясы (-), ісік жасушалары анықталған жоқ. ЭТЖ 40 мм / с. Келтірілгендердің ішінде қайсысы диагностикада келесі қадам болып табылады?//
Достарыңызбен бөлісу: |