+ кардия ахалазиясы//
***
Науқас 52 жаста бел аймағында, қабырғаларында және төсінде ауырсынуға; әлсіздікке, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, ЭТЖ 78 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсіндінің гиперплазиясы, плазмалық жасушалар – 17%. Омыртқалар рентгенографиясында неғұрлым мүмкін ЕМЕС өзгеріс://
+ остеофитоз
***
Науқас 50 жаста, әлсіздкке, аздаған физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге және жүрек қағуына, бір ай ішінде 5 кг салмақ тастауына шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, эритроциттер 4,5х10х12/л, ЭТЖ 32 мм/сағ. Нәжісті жасырын қанға зерттеу реакциясы – оң. Неғұрлым деректі ЕМЕС зерттеу://
+ ЭРПХГ
***
Науқас 32 жаста, кешкі уақытта мазалайтын қалтырауға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: белден ұрғылау симптомы оң жақта «+». Қанда: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. 1008, лейк. – 8,12 к/а, бактериялар ++. Бүйректі ультрадыбыстық зерттегенде неғұрлым болуы мүмкін өзгеріс://
+ тамыр суретінің деформациясы
***
Науқас 42 жаста, бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға доғасы астында ауырлық сезімі мазалай бастаған. Уақыт өте келе түнгі уақытта пайда болатын тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінуі қосылған. Соңғы айларда қан түкіру кезеңдері болған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті дауыссыз сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай үлкейген, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – 90/мин. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыбыр аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ дилатациялық кардиомиопатия
***
Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы://
+ стафилококк
***
М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ саркоидоз/
*** Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Достарыңызбен бөлісу: |