+ улану белгілері
***
35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?//
+ іш сүзегі//
***
Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?//
+ пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке//
***
Ер адам 26 жаста , 2 жылдан бері қан аралас нәжіске , үлкен дәретке шақырылуы тәулігіне 3-4 реттік болуына шағымданады. Хирург оны геморрой ультрапроктпен (құрамында кортикостероид бар) емдеді бірақ нәтиже болмады. Диетаны бұзғаннан кейін іш өту жиілеп , тенезмдер , іштің төменгі жағындағы ауру сезімі және субфебрильді температура, тізе буындарындағы ауру сезімі пайда болған.Науқасқа диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?//
+ биопсиямен колоноскопия//
***
Бауырдың компьютерлік томографиясында: бауыр деформацияланған, оң бөлігі - 15 см, сол бөлігі – 5 см, контуры тегіс емес, кедір-бұдырлы. Қақпа венасы – 2,0 см, талақ венасы - 1,3 см. Талақтың ауданы – 57 см2 өзгерістері бар 35 жастағы ер адамның ФЭГДС-нде не анықталуы мүмкін?//
+ өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуі//
***
ОҚА-ның қабылдау бөліміне жол-транспорттық апаттан кейін науқас мынандай шағыммен келді : қозғалғанда ,тыныс алғанда күшейетін кеуде қуысындағы ауру сезімі, ентігу және бас айналу. Қарап тексергенде оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3-5 қабырғааралығында крепитация анықталды. ЕҢ бірінші кезекте қандай емдеу шарасын жүргізу керек?//
Достарыңызбен бөлісу: |