+ АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг
***
Науқас Т. 37 жаста қалаға 8 жыл бұрын көшіп келген. Көшіп келгенге дейін жылына 1-2 рет ЖРВИ-мен ауырған, әр эпизодтың ұзақтығы шамамен 10-14 күн болған. Шаршағыштық, тершеңдік, әлсіздікке шағымданады. Объективті тексергенде: науқастың тамақтануы біраз төмендеген, таңдай бадамша бездері борпылдақ, II-дәрежелі гипертрофия. Жақасты лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, эластикалы, қозғалмалы, қалған топтар пальпацияланбайды. Қалған ағзалар мен жүйелерде патология анықталмады. ЖҚА – моноцитоз (9%), ЭТЖ – 22 мм/сағ. Төменде аталғандардың ішінен қай зерттеуді бірінші жүргізу керек://
+ ВПГ, ВЭБ, ЦМВ антиденелеріне ИФА
***
35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)». ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды?//
+ ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу//
***
Ер адам 47 жаста, эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде және жатқан кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, әсіресе майлы тағамнан кейін, тұйық сипатты қатты ауру сезім пайда болады. Сонымен қатар қыжыл, кекіу, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: арық, терісі құрғақ, «рубин тамшылары», Мейо-Робсона нүктесінде ауру сезімі бар. Науқаста қандай лабораторлы тексерулер өткізілу керек?//
+ амилаза және липаза деңгейі//
***
Әйел 37 жаста үзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне , шуылға, жайсыздыққа , кей жағадайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне , үлкен дәретін ұстай алмауына шағымданады.Қарап тексергенде : тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген.Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?//
Достарыңызбен бөлісу: |