+ алғашқы 6 сағатта//
***
Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика://
+ қолқалық қақпақшаны протездеу//
***
Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу://
+ тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау//
***
Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика://
+ метил-преднизолонмен пульс-терапия//
***
23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://
+ индометацин + стугерон//
***
Гипербилирубинемия неғұрлым тән://
+ созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына
***
Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Достарыңызбен бөлісу: |