№1 Науқас С., 42 жаста, тазалықшы. Жылаңқылыққа, үнемі тамағындағы түйінге, спазмға, бас ауыруына, бұлшық еттеріндегі ауру сезімдеріне, ұйқы бұзылысына шағым айтады



Дата07.02.2022
өлшемі17,36 Kb.
#91778
Байланысты:
2 тема Сит.есп
1 тема сит.есеп

№1 Науқас С., 42 жаста, тазалықшы. Жылаңқылыққа, үнемі тамағындағы түйінге, спазмға, бас ауыруына, бұлшық еттеріндегі ауру сезімдеріне, ұйқы бұзылысына шағым айтады.Анасы тарапынан әжесі туысқандарының айтуы бойынша қызық кісі болған, «есінен адасқан». Әкесі тұйықтау, деспот кісі болған, баларына шамадан тыс талапшыл болған. Анасы сезімтал, ренжігіш, жанұялық қиыншылықтарға жиі шағымданатын болған. Науқас әсершіл, ренжігіш, айтқанынан қайтпайды. Толқу жағдайында жиі тамағында түйнек, «бүкіл денесінің дірілін», басында өткір шаншуды, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің ауратындығын байқаған. Осындай жағдай алғаш рет жеті жасында, мектептегі нашар тәртібі үшін әкесі белбеумен соққан кезде байқалған. Науқастың айтуы бойынша әкесі қатты қорқып кеткен. Содан соң ешқашан ұрмаған. 16 жасынан бастап еңбекке араласқан. Науқас тігу шеберханасында бес жыл істеген. 27 жасында тұрмысқа шыққан. Жолдасы оған қамқор болып, барлық тілектерін орындап отырған. Балалы болғаннан кейін, жұмысындағылар, науқастың ойы бойынша оның жанұялық бақытын көре алмаушылар, нашар көзқараспен қарайды деп, ары қарай жұмысын жалғастыра алмаған. Қызметтестерінің айтуы бойынша науқас бірбеткей, тек өзінің қалағанын істейтін көрінеді. Үш жыл бұрын жүрек ұстамасынан күйеуі қайтыс болған. Науқас қатты қайғырған. Жерлеу кезінде «истерика» болған. Ол зарлы дауыспен айғайлаған, бірақ артынан басылған. Жұмысқа орналасуға мәжбүр болған. Өткен жылы күйеуге екінші рет шыққан. Күйеуі арақ ішеді, бір керістен кейін тұншығу сезімі пайда болған, сөйлей алмай қалған (афония). Бұлшықеттері ауырғандықтан әрең қозғалған. Дәрігер көмегіне жүгінген.Психикалық жағдайы: өзін демонстративті ұстайды, сыбырмен сөйлейді, оның Сөйлеуіне кедергі жасап тұрған тамағындағы спазмды байқайды, кейде жылап, тыныштала алмайды. Жұбайның үнемі ішетіндігіне, оның өміріне көңіл бөлмейтініне шағым айтады. Дәрігердің күйеуін шақыртып, оған оның «ауруының аурылығы» жөнінде түсіндіріп беруін, өзіне көңіл бөлу қажеттігін айтуын сұрайды. Ем жүргізілгеннен кейін (дәрілік, психотерапиялық) және жанұялық жағдайы жөнделген соң науқастың жағдайы жақсарды.
1.Диагнозды негіздеңіз: Невроз.Истериялық невроз
2. Диф.диагностика жүргізіңіз. Эпилепсия ұстамасынан айырмашылығы, истериялық ұстама әрқашан өзге адамдардың көз алдында эмоциогенді дамиды,санасын жоғалтпайды, барлық рефлекстер сақталған болып келеді және ұйқы кезінде болмайды; науқас құлаған кезде зақым алудан қорғанады, тілін тістеп алу немесе кіші дәретін жіберіп қою байқалмайды, көрермендерді және тыныш, сабырлы жағдай жасау арқылы ұстаманы тоқтатуға болады. Ұстаманың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Истериялық невроз симптоматикасының ерекшелігі - симптомдардың психогендік факторлармен байланысы, ағза жүйесіндегі органикалық бұзылыстардың жоқтығы және бұзылыстардың сендіру, өзін-өзі сендіру типі бойынша пайда болуы. Олар тек эмоциональды жарақатқа кезінде ғана емес, науқастар өз дегеніне жете алмағанда да пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет