Қарағанды Обылыстық Жоғарғы Мейіргерлік колледжі
Реферат
Тақырыбы:Қан кету және гоместаз.
Дайындаған:Тургалиева Сабира
Тексерген:Каюпов С.Ж
Тобы:4-5
Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады.
Паренхиматозды органдардын (бауыр, көк бауыр) зақым-дануы кезде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді.
Қан ағу (құйылу) орньгаа байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін.
Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.
Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан кеп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады.
Мұрыннан қан кету – көп жағдайда тұмау кезінде мұрынға тамызатын сұйықтарды шектен тыс пайдаланудың әсерінен болып жатады. Себебі дәрі әсерінен мұрынның шырышты қабығы кеуіп кетеді. Мұндай жағдайда сіз аскорбин қышқылы мен аскорутин дәрумендерін қабылдаңыз. Сонымен қатар жатардың алдында зәйтүн немесе шырғанақ майына (облепиховое масло) шыланған мақтаны мұрыныңызға тығып жатыңыз. Егерде балаңыздың мұрынынан қан кетсе: Бала орындықта отырса, басын сәл еңкейтіңіз. Әйтпесе баланың ауызына қан кетіп, оны жұтып қоюы мүмкін. Бұл қауіпті жағдай. Егер бала төсекте жатқан болса, оны бір жақ қырымен жатқызып, басын төмен түсіріңіз. Қан кету кезінде сіңбіруге немесе мұрынды орамалмен қысып, жатып алуға болмайды. Дәке не матаны шиыршықтап алып, ақырындап мұрын қуысына тығып қойыңыз. Сондай-ақ мұрынды шұқуға болмайды, себебі қан кету одан әрі күшеюі мүмкін. Басы мен маңдайына суық суға шыланған орамал қойыңыз. Сондай-ақ желке тұсына да қою қажет. Бұл әрекеттер қан ағуды баяулатады. Сондай-ақ мұрынға 1-2 тамшы лимон шырынын тамызу арқылы қан кетуді тоқтатуға болады. Егер қан кету 10 минуттан артық жалғасса, дереу жедел жәрдемге хабарласып, дәрігер шақыртқаныңыз жөн. Қан қысымы бар адамдарда мұрыннан қан кету жиі байқалады. Егерде еш себепсіз балаңыздың мұрынынан үнемі қан кететін болса, ол қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлік тексерістен өткізгеніңіз артық болмас.
Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.
Артериалды қан кету кезіндегі жәрдем
Саусақпен басу. Қан кетуді тез тоқтату үшін саусақпен артерияны сүйекке басу қажет немесе егер жамбас артериясы болса – онда жұмырдықпен басу қажет. Бірақ Сізге осылай саусақпен ұзақ басып тұра алмайсыз, сондықтан Сіз артерияны саусақпен ұстап тұрған кезде, біреу резеңке артериалды жгут, мәрлі және мақтаны әкелуі тиіс.
Артериалды жгут салу.
Саусақпен басқан жерге астына мәрлі мен мақтаны салып, артериалды жгуттардың бірнеше турын салуға болады. Жгутты дұрыс салу туралы жарадан қан кетуінің тоқтауы куәландырады (тартылған жгуттың бірінші турынан кейін) және жгут салған орыннан төменгі жерде тамыр соғуының болмауы. Әлсіз салынған жгут қан кетуін күшейтеді.
Егер Сіз жгутпен ұйқы артериясын бассаңыз, онда жгуттың астына пациентті тұншықтырмау үшін және трахеяны баспау міндетті түрде азылмаған бинт салыңыз.
Жгут жаздың күні 2 сағаттан артық емес, ал қыста 1 сағаттан артық емес салыну керек, сондықтан жгут салған уақыт көрсетілген хатты салу қажет.
Осыдан кейін пациентті ауруханаға жеткізу керек, сондай-ақ жгут салынған дене бөлігі киіммен жабылған болуы тиіс.
Аяқ-қолды бүгу тәсілі, егер артериалды қан кетуі аяқ-қолдың сынығынан болмаса қолданылады. Қол мен иық маңының ішкі жағынан қан кеткен кезде бинт салады, қолды білек буынына дейін бұрады және оны бинт арқылы осындай жағдайда иыққа байлап қояды. Иық және қолтық маңынан қан кеткенде қолды барынша арқаға апарады және білек буынында бүгеді. Қол-аяқты бинт арқылы қатайтады. Аяқтан қан кеткен кезде бинтті тізенің астына салып, аяқты тізеге дейін бүгеді және оны жамбасқа бекітеді. Жамбастан қан кеткен кезде аяқты бүгеді және тізі мен жамбас буындарында да бүгеді. Шап аумағында мақтадан немесе киімнен үлкен және тығыз кесек салады.
Күретамырдан қан кету белгілері
Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған. Ірі күре тамырдан қан кетуі (жамбас, бұғана астыр, бұғау) қанды тез жоғалтудан науқас өміріне қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына келтіреді. Тамырлардың жарақатынан басқа күретамырдан қан кетуі мұрынның шырышты қабыршағында қан тамырларының жарылуынан немесе аяқтың варикоз тамырларының жарылуынан мүмкін. Асперинді ішкеннен және артериалды қысымның жоғарлауынан мұрыннан қан кетуі ұзақ уақыт тоқтамауы мүмкін немесе науқасты ауруханаға жеткізуді талап етеді. Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді.
Күретамырдан қан кету кезіндегі көмек
Басып тұратын таңбаны салу және суықпен әсер ету. Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады, өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі. Осындай басып тұратын таңба бірнеше сстерильденген мәрліден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады. Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтауы, бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы куәландырады. Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырыған грелканы салу қажет. 30-40 минуттан кейін суықты 10 минутқа алып тастауды ұмытпаңыз, өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қжает. Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет.Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек, алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3 % малынған мақтаны салу қажет. Мұрын қырына немесе желкеге 3-4 минутқа арасында 3-4 минут үзіліспен қан тоқтағанша дейін суық басыңыз. Басты артқа қоюдың қажеті жоқ, сондықтан қан өңештің атрқы қабырғасынан ағады.
Капилляр тамырларына қан кеткен кезде – стерилденген салфетканы жараға салады, ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді. Кішкентай жаралар мен терісі сыдырылған жерлерді бриллиант жасылдың, йод немесе сутек тотығының ертіндісімен өңдеу керек, бактерицидті пластырьмен жапсыру қажет.
3. Күйіктер
Үлкен күйіктер кезінде стерилденген таңбаны салу қажет, ауыртпайтын дәрілерді (анальгин) береді. Бір стақан сілті суын ішеді.
4. Жүректің түйілуі
Жүрек түйілген кезде тілдің астына нитроглицерин немесе валидолдың бір таблеткасын салу қажет немесе 50 мл суда корвалолдың 15-20 тамшысын ішу қажет.
5. Талып қалу
Талып қалған кезде науқасты жерге жатқызып, аяғын көтеріп, мақтаға мұсатыр спиртін құйып иіскетуге беріңіз.
6. Стрестік реакциялар
Стрестік реакциялар кезінде 50 мл суда корвалолдың 30 тамшысын араластырып, науқасқа сумен жұтуға беру керек.
7. Жүрек – өкпе реанимациясы
Жүрек – өкпе реанимациясы науқаста есі, тынысы және ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаған кезде медициналық қызметкер келгенше дейін немесе тыныс мен тамыр соғуы қалпына келгенше дейін жүрекке тура емес массаж және «ауыздан ауызға» жасанды тыныс беру жолымен жасау керек.
8. Улану
Уланған кезде асқазанды жуу қажет. Активтелген көмірдің 2-3 таблеткасын беру қажет.
9. Көздің зақымдануы
Көзге бөтен денелердің және заттардың тиюі немесе көз зақымданған кезде көзді сумен жуып, натрий сульфацилінің 2-3 тамшысын тамызыңыз.
Қан кету ауыр жарақаттардың әсерінен болады.Сондықтанда өмірдегі ауыр жағдайлардан жол таба білу керек.Жарақат алмау керек.Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету керек.
Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.[1]
Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры.
Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп, өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі. Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымды-ларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.
Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді. Оларға салқын қанды — пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар жөне кейбір омырт-қалылар жатады. Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т.с.с.) тәуелді болады.
Тіршіліктің тұрақты еркін формасы жоғары сатылы жануарларға тән. Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді, себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі ай-тарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді. Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Сонымен К. Бернардың айтуынша кез келген жоғары сатылы жануарлардың тіршілігі 2 ортада жүреді: ағзаны қоршаған сыртцы орта және ұлпаларды, мүшелерді қоршаған ішкі орта К. Бернар ағзаның ішкі ортасы деп ұлпаларды үнемі жуып-шайып тұратын сұйықтықтарды — қан сұйықтығын, лимфа және ұлпа сұйықтықтарын айтқан. Қорыта келгенде ол ағзаньщ ішкі орта тұрақтылығы тіршіліктің тұрақты, еркін фор-масының негізі болады.
В. Кеннон көптеген физиологиялық зерттеулер нәтижесін-де жануарлардың тіршілігі қоршаған ортаның қолайсыз, зиянды факторларының әсеріне қарамастан ұзақ жылдар бойына қалыпты күйде жүретінін байқаған.
Ағзалардың қалыпты тіршілігін ұзақ уақыт өзгертпей сақтап тұру қасиеті мындаған жылдар бойына құпия болып келді. Әйтсе де, Гиппократтан бері қарай көптеген ғалымдар ағзалардың аурулары олардың ішкі табиғи күштері негізінде емделетінін байқаған. Бірақ, тек қазіргі кезде ғана ол күштерді ағзалардың гомеостазды қалыптастыру және зиянды факторларға бейімдеушілікті (адаптациялануды) дамыту мүмкіншіліктерімен байла-нысты екендігі анықталды. Сонымен, гомеостаз дегеніміз ағзалардың орта факторларына адаптациялануының (бейімделуінің) тарихи қалыптасқан, тұқым қуалайтын қасиеті болып саналады, Орта факторлары қысқа мерзімге не ұзақ уақыт бойына өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайларда ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі) ішкі ортаның қасиеттерін қалпына келтіріп қана қоймай, қысқа мерзімге оның қызметтік активтігінің өзгеруіне де алып келеді (мысалы, жүрек қызметі ырғағының жиіленуі және ты-ныс алу жиілігінің жылдамдануы). Қолайсыз жағдайлардың зиянды әсері ұзақ уақытқа созылатын, не қайталана беретін болса, ағзада тұрақты құрьшымдық өзгерістер пайда болуы мүмкін. Ал, егер бір мүше жарақаттанатын болса, онда оны қалпына келтіру механизмдері (регенерация) іске қосылады, не басқа мүшелердің қатынасуымен жарақаттанған мүшенің қызметі қалыптастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |