+ дезагрегант + антикоагулянт + цитостатик + ААФ ингибиторлары//
***
Әйел адам 37 жаста бел аймағында ауырсыну, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағында ауырсыну, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: температура 370С. Бел аймағында соққылау симптомы екі жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит – 6,1х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: сал.тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоцит- 6-8 көру алаңында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 1 х 106/л, лейкоцит – 6 х 106/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?//
+ пенициллиндер//
***
Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышыну, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - 2,5х1012/л, гемоглобин - 75 г/л, лейкоцит – 8,9х109/л, ЭТЖ – 15 мм/с. БХА: креатинин - 117 мкмоль/л, мочевина - 10,5 ммоль/л, жалпы ақуыз - 65 г/л. Барынша қажет зерттеу://
+ шумақша фильтрациясының жылдамдығы//
***
Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ– 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин -130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз- 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30көру аймақта, бактериурия.Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет://
+ несептің бактериологиялық егуі//
***
Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне,несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуынашағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Неспте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі://
Достарыңызбен бөлісу: |