+ спазмолитиктер//
***
Қабылдау бөліміне 63 жасар науқас келіп түсті. Анамнезі: ұзақ уақыт пиелонефритпен ауырады. Объективті: санасы сопор деңгейінде, дизартрия, беттің асимметриясы, сол жақты гемипарез байқалады. АҚ 180/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-95 г/л, эритроцит -3.2 х 1012/л, лейкоцит-10,2 х 109/л, тромбоцит – 186 х 109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. БХА: креатинин-1200 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), мочевина-35 ммоль/л. Несепте: ақуыз (белок) – 1,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру аймақта, эритроцит 0-1 көру аймақта. Гемодиализ жүргізуге шешім қабылдауға қажет зерттеу әдісі://
+ жұлын пункциясы//
***
24 жасар науқасты бас ауру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалайды. 10 жыл аралығында ауырады. Объективті: боз, теріде қасу іздері бар, «қағу» симптомы екі жақта оң мәнді. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин–96 г/л, эритроцит–2,8 млн., лейкоцит-8,2 тыс., ЭТЖ -35 мм/с. БХА: мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1005, ақуыз-4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 көру аймақта, эритроциты – 20-25 көру аймақта. Барынша ықтимал асқынуы://
+ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
***
Ер кісі H. 33 жаста, солжақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші реет қайталанған, әр бір қайталау жіті респираторлықинфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленгенгиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы://
+ IgA - нефропатиясы//
***
Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы://
Достарыңызбен бөлісу: |