+ жасанды тыныс желдендіруге ауыстыру//
***
2 жасар бала жедел ауырып калды, вирусты инфекция болуы мүмкін: ринорея, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарылауы, әлсіздік. Ауыруының 3- күні тыныс алуының қиындауы, құрғақ ысқырықты сырылдар, ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Тұншығу ұстамасы сальбутамолмен басылды. Жазылғаннан кейін тұншығу ұстамасы қайталанған жоқ. Балада обструктивті синдром дамуының негізгі себебі не?//
+ ЖРВИ асқынуы ретінде бронхиолит дамуы//
***
Қыз бала 16 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтел мен ысқырықты тынысты тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Өршу кезеңдерін менструациямен байланыстыралы, циклдың басқа күндері бұл белгілер азырақ және жеңіл. Арнайы аллергодиагностикда үй кенелеріне, зең саңырауқұлақтарына, тауық мамығына сенсибилизация анықталды. Флюнисолид пен сальметерол тағайындалды. Менструация кезінде ұстамаларды алдын алудың қандай тактикасы ең дұрысы?//
+ менструация алдында флюнисолид дозасын жоғарылату//
***
Науқас 28 жаста беклометазон дипропионат 400 мкг/тәул мөлшерінде теотардпен бірге 1 капсуладан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 4 аптада жануар жүнімен қатынастан кейін сальбутамолда қажеттілік 3 рет, түнгі ұстамалар болған жоқ. ПФМ – қалыптыдан 85-95% мөлшерінде. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?//
+ теотард мөлшерін түнде 1 капсулаға дейін азайту//
***
46 жасар ер адамда лидокаин инъекциясынан кейін сол қолға берілетін жүрек аймағында ауыру сезімі, кенет әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындылары боз, ылғалды, науқас бетінде қорқыныш. Пульсі жіп тәрізді (нитевидный), түзу емес, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес, өкпесінде – бәсеңдеген тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар. Науқаста қандай патологияға күдіктенуге болады?//
+ анафилактикалық шоктың кардиалды түрі//
***
Терапия бөліміне «Ауруханадан тыс пневмония» диагнозымен науқас госпитализацияланды, цефуроксим және бромгексин тағайындалды. Екінші күні науқаста әлсіздік және қалтырау күшейді, кешкісін кеудесінде және арқасында күңгірт-қызыл дақ түрінде қышитын көпіршік және папула түрінде бөртпелер пайда болды, тері бетінен көтеріліп тұрады. Өкпесінде – ілсіреген тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілетін фокус ұлғайған. Температура – 38,4 С. Қанда: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ.
Қандай тактика ең дұрыс болады?//
Достарыңызбен бөлісу: |