3.2.3.3 - тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: тыныс алу мүшелерін атай алады, адам қалай тыныс алатынын біледі
Көптеген оқушылар: тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейтінін біледі
Кейбір оқушылар: тыныс алу мүшелерінің жұмысына зерттеу жұмысын жүргізіп, қорытынды жасай алады
Бағалау критерийлері
Білім алушы
-тыныс алу жүйесін атайды.
-тыныс алу мүшелерінің ролін сипаттайды.
-өкпені шынықтырудың маңызын біледі
Сөйлемдегі бос орындарды толықтыр. Әр тыныс алу мүшесінің өз қызметі бар. Тыныс алу мүшелеріне мұрын, кеңірдек, _______________, өкпе жатады. Демді ішке тартқанда өкпе ____________ толады. Ал демді шығарғанда өкпе қысылып, _______________газды сыртқа шығарады. Тыныс алуға _______________ көмектеседі. Тыныс алғанда көкет_______________, тыныс шығарғанда ол түседі.