Сабақтың ортасы
(6-32 минут)
|
1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:
Аулада – во дворе
Доп – мячь
Сурет саламын – рисую
Ойнаймын – играю
2. 1 –тапсырма. Тыңда. Қайтала. Үлгі бойынша сөйле.
Жаңа сөздер қатыстырып құрылған сөйлемдерді мұқият тыңдайды. Сен аулада не істейсің? Сұрағы қойылады.
Оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауына көңіл бөледі.
3. 2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша айт.
2-тапсырмада оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қайталатады. Тапсырмада берілген цифр мен сурет бойынша аңдардың санын айтады. Мысалы: бес қоян, жеті қасқыр, үш қоян. Сондай-ақ сандарды «Күшіктер санамағы» бойынша қайталауға болады.
4. 3-тапсырма. Тыңда, қайтала. Есте сақта!
Мұғалім оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қайталатады және 11-ден 20-ға дейін санауды үйретеді. Сандар «Мені түсін» ойыны бойынша қайталанады. Ол үшін оқушылар бір қатарға тұрады. Мұғалім алғашқы оқушыға бір тіркесті (он екі қоян) сыбырлап айтады. Оқушы бұл тіркесті келесі оқушыға сыбырлап айтады.
|
Тыңдалым,айтылым.
1-тапсырма бойынша аң атауларымен танысады. Жаңа сөздерді тыңдайды, сурет бойынша қайталайды. Тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тыңдайды, сол үлгі бойынша мұғалімнің Сен аулада не істейсің? сұрағына жауап береді.
|