№ Кіріспе. Әдістеме ғылымының шығу тарихы



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі28,55 Kb.
#117249
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Әдістеме ғылымының шығу тарихы

1-Апта
№ 1. Кіріспе. Әдістеме ғылымының шығу тарихы.


Қазақ әдебиетінің мектепте оқытыла бастау тарихында Орталық Партия Комитетінің «Бастауыш және орта мектеп» туралы /1931/, «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта кұру туралы» /1932/ қаулыларының ерекше маңызы болды. Осы кезден бастап қазақ мектебінде қазақ әдебиетін оқыту, бағдарламасын түзу, оқулықтар жасау идеясы туды. 1934 жылы тұңғыш рет қазақ әдебиеті мен қазақ тарихының мектептік бағдарламалары /15-8 сыныптар үшін/ жарық көрді.

Бағдарламаның жасалуы қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқытудың жаңа белесі болып табылады. Осы бағдарлама бойынша қазақ әдебиетінің тарихы жүйеге келтіріліп, мектепте ақын-жазушылар творчествосы оқылатын болды. М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев жазған «XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» оқу кітабының шығуы /1933/ осы саладағы маңызды қадам болып табылды. Мұнда қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында тұңғыш рет әдебиет тарихының материалдары мектеп көлемінде жүйеге түсіп, революцияға дейінгі әдебиеттің көрнекті өкілдері мен олардың шығармалары мектеп оқушыларына ұсынылды. Әдебиетті оқу кітаптарынан бұл жылдары шыкқан М. Жолдыбаев. Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаев құрастырған 4-сьшыптың /1934/, С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжанов құрастырған 5-сыныптың /1935/ А. Әлібаев пен Ә. Қоңыратбаев құрастырған 3-сыныптың /1936/ оқулықтарын атау ләзім. Әрине, аталған оқулықтардың мектепте қазақ әдебиетін оқытуда атқарған маңызымен бірге елеулі олқылықтары да болды. 1937-1938 жылдары шыққан әдебиет хрестоматиялары /5-сынып - Ә, Тәжібаев, 6-сынып - М. Әуезов, 7-сынып - Д. Әбілов, 8-сынып - С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин, 9-сынып - әуелі Үсеков, кейін Е. Ысмайылов пен Т Акшолақов, 10-сынып - М. Жанғалин мен С. Ерубаев/ да бұл салада бірталай тәжірибе жинақтауға себепкер болды.


Әдебиеттік оқу белгілі бір шығарманы мазмұн мен түр бірлігі негізінде оқытуға бағытталды. Тарихи-әдебиеттік проблемалардан оқушы мен мұғалімнің назары шығарманың идеялық-көркемдік жақтарын ашуға, оның құрылысы мен тіліне аударылды. Әдебиеттік оқу орта мектептің 5-7 сыныптарында өткізілетін болды. Әдебиет тарихын мектепте осы кезден бастап 6-10 сыныптарға бөліп оқыту принципі жүзеге асырыла бастады. 8-сыныпта ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы мәліметтерін қамту, 9-сыныпта XIX ғасырдың II жартысындағы және XX ғасыр басындағы әдебиетті оқыту, 10-сыныпта кеңес әдебиетін оқыту принципі қабылдаңды. Әдебиет тарихын мектепте оқытудың жаңа үлгісі негізінде оқулықтар жасау ісіне бұл кезде Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев сынды әдебиетші ғалымдар атсалысып, қазақ әдебиеті тарихының мектептік курсын жасауға, сол жобамен кейін үлкен әдебиет тарихын негіздеуге аса мол еңбектер сіңірді.


Қазақ әдебиетінің пән ретінде мектепте оқытыла бастау тәжірибесі әдебиетті оқытудың әдістемесін де туғызып, қалыптастырды. Бұл жөніндегі алғашқы тәжірибелер бізде отызыншы жылдардың аяқ кезінде жинақтала бастады. Бұған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» /екеуі де 1939/. «Әдебиеттік оқу материалдары» /1940/ атты мақалалар жинақтары дәлел .


50-жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми-теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары «Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы» жинағы, Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы», А. Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту методикасының мәселелері» гәрізді кітаптары жарыққа шығып, пәнді оқыту ісінің жақсартылуына ықпалын тигізді.


60-жылдары Ә. Дайырованың «Орта мектепте Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармаларын оқыту», Ә. Қоңыратбаевтыі «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», 1968 жылы «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты еңбектері жарыққа шыққан.


1970 жылдары С. Қалиевтің «Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту әдістемесі», сондай-ақ «Мектепте шығармаларды оқыту жолдары» еңбегі, 1974 жылы Ә. Қасымбекованың «С. Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын оқыту жолдары» атты құралы, Қ. Әміровтың «Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі» көмекші құралы, Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» монографиясы, Р. Сүлейменованың «Оқушылардың әдебиеттен өздігінен орындайтын жұүмыстарын ұйымдастыру» еңбектері жарияланды. 80-90 жылдары С. Дүкенбаевтың «Мектепте драмалық шығармаларды оқыту» /1995/, Т. Ақшолақовтың «Көркем шығарманы талдау» /1983/, Ә.Қасымбекованың «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдіру жолдары» /1989/, Т. Жабағиннің «С. Торайғыров шығармаларын мектепте оқыту методикасы» /1991/, 1997 жылы Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту методикасы» басылып шықты.


1990 жылдардан былай қарай прозаны оқыту жайлы тың пікірлер, соны ғылыми түйіндеу жайлы айтыла бастады. Мәселен, аталған зертгеулердің ішінде Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі» /«Рауан», 1997/ оқулығы назар аударарлық. Бұл оқу құралында жүйе бар, бағдарламаның сынып бойынша сатыларына жіктеме берілген. Сонымен бірге, әрбір мәтіннің оқытылуы жайлы әдіс-тәсілдер амалы анық, айқын сұрыпталған. Әрбір еңбекте ішкі және сыртқы жүйе болады және олардың үндестігі болады. Сыртқы жүйе мемлекеттік стандарт көздеген мүдде мен мақсат, ал ішкі жүйе ұстаздың оқытуды үлгілеу шеберлігін көздейді. Бұл оқулықтың кемшілік жерін осы жүйеге байланысты екендігін ашып айтқан жөн. Еңбекте сыртқы жүйе мынадай кезеңдерден тұрады. 1-кезең 1-4 сыныптар, 2-кезең 5-8 сыныптар, 3-кезең 9-11 сыныптар. Ал оқу құралының тақырып ашу үрдісінде /процесінде/ бұл кезеңдермен жіктелген нысаналарды байқаймыз. Кезеңге бөлу барысыңда ішкі жүйе жоқ. Десек те, бұл оқу құралының маңызды жерлері де бар. Мәселен, «Проблемалық талдау жолдары» деген бөлімінде автор нақтылы көріністер мен құбылыстарға тоқталған /68-бет/. Әдісті қайшылықта алады, жай сұрақтар, проблемалық сипаттағы сұрақтар. Екі бағанға бөлу арқылы көрсеткен сұрақтар бойынша /талданып отырған М. Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл бейнесі/ көркем туындының неіізінде жатқан идеяны, көркем туынды көтерген проблемалық сұрақтар арқылы талдау барысында байқаймыз. Аталып отырған еңбектің шыққан уақытында өзінше маңызы болды. Дегенмен, қазіргі өмір ағымына сай бүгінгі тандағы әдебиет пәнін өткізудің оқытудың мақсаты, ұстанымы мүлде өзгергендіктен, бұл еңбектің оқу құралы ретіндегі ролі солғындады.


Әдістеменің тарихына үңілсек, оның хронометрі өте шағын.


Әдістеме жайлы мағлұмнама мен белгілі тұжырым-түйіндерді әлемдік педагогиканың тарихынан іздейміз. Тұтастық жүйенің қағидасы осы ұстанымды көздейді.
Әлемдік тарихы бар дидактика нысанасының бір бөлігі әдістер хақындағы ғылыми ағымдарды жинақтап көрейік.
Тоталитаризм кеңістігінде педагогика тарихының кезеңдері барлық ғылымдар секілді қоғамдық формациялар тұрғысынан қарастырылды. Нақтылап айтсақ, мынандай тұжырым шығады: Тәрбие – адам қоғамындағы адамдардың саналы әрекеті... Ф. Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы», «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» атты еңбегінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді.
Алғашқы қоғамның белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана айырмашылықтар кездесті.
Негізінде алғашқы қоғамдық дәуірде мал бағу, егін салу, қол өнері кәсібі пайда болды [1].
Бүгінгі көзқараста бұл түйін құлаққа түрпідей естіледі. Адамды тек қарапайым еңбектің жемісі деп қарау - балалықтың ауруы. Бірақ, педагогика тарихының бір кездегі бастауы осы ой екенін елемей кету мүмкін емес.
Келесі формациялар жайлы тұжырым-түйіндерге тоқталып өтсек: Рулық қоғамда тәрбие қоғамдық еңбектің бір саласына айналып, жеке адамдар шұғылданды. Қоғамдық тәрбиемен қатар отбасы тәрбиесі шықты [2].
Көріп отырғанымыздай, рулық қоғамда дидактика жайлы мәлімет алу қиын.
Қоғамдық формация жүйесіндегі педагогика мәселесіне көз жүгіртсек, мынандай пайымдарды тізбелейміз:
Солтүстік Африкада Египеттен бастап, Оңтүстік Азия, Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дами бастады. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жеріңде алғашқы мектептер құрыльш, онда үстем таптың балалары оқыды.
Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құрылды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афина) және Лаконна (орталығы Спарта) болды.
Құлдардың көтерілісін басу үшін әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көңіл бөліңді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиелеңді.
Афинада біздің жыл санауымызға дейін V - IV ғасырларда ғылым мен мәдениет едәуір дамыды. Тарих, скульптура, математика, музыка, риторика және т.б. құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие берілді (ақыл-ой, мораль, эстетика, дене тәрбиесі).
Афинада жеке меншікті мектептер ашылды. Ер балалар 7-ден 13-14 жасқа дейін грамматист (оқуға, жазуға), кифарист (музыка, ән, тақпақ) мектептерінде оқыды.
Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат, әдебиетпен танысады.
Көрнекті грек философы Платон (б.ғ.д. 427 - 347) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды.
Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (б.ғ.д. 384 - 322) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға бірдей тәрбие беру керек деп есептеді. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара ұштастығын жақтады. Аристотель де өзінің ұстазы Платон сияқты құлдарды «сөйлейтін құлдар» деп қарады.
Риторика мектебі пайда болды [3].
Міне, бұл түйіннен алғашқы қауымдық және рулық қоғамдарда тәрбие мен білім тұтас жүйе ретіңде қарастырылса, құл иеленушілік қоғамда тәрбиеден білім бөлініп, жекеменшікті мектептер ашылғанын, онда ғылым салалары жіктеліп, белгілі мамандыққа, кәсіпке ыңғайлау іскерлігі ширатылғанын аңғардық. Әрине, тоталитаризмде таптық сипат мәртебесі басым болғандықтан, құл иеленушілерге деген көзқарас бүгінгі көзқараспен түйіспейді. Оларды ақыл-ой іскерлігімен сондай дәрежеге жетіпті деп бағаламады.
Педагогика тарихына парадигмалық сипат берудің мәні де осында болмақ.
Келесі қоғам – феодалдық қоғам. Бұл қоғамда дидактика аспектісі қандай дәрежеде болды екен? Оған жауапты мына бір тұжырымдардан табамыз:
Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектепке үстемдік етушілер феодалдар мен дін иелері болды. Орта ғасырда Қытай, Индия, Таяу Шығыс пен Еуропа ересектер мен жастарды оқыту діни ұйымдардың қолында болды. Білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді.
Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың солтүстік жағалауын VII-VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Еуропамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке еңді жаулап алушылар ие болды.
VIII ғасырда арабтар Пириней түбегін жаулады, соның нәтижесіңде Батыс Еуропа жеріңде мұсылман мектептері ашылды. Пириней жеріңдегі Кордова халифаты арқылы Батыс Еуропаға Ежелгі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішіңде Аверроес атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.
IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөліңді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөліңді. Шығыс империя Византия деген атпен мың жыддай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда Ежелгі Шығыс мәдениетінің кейбір бөліктері сақталды. Шіркеу мен мектеп қатар өмір сүрді.
Византия мәдениетін Шығыс Еуропа жеріне таратуда славяңдар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет Ежелгі Русь жеріне де тарады.
Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Еуропа еддеріне католик шіркеуі ерекше әсер етті.
XII-XIII ғасырларда батыс Еуропадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді.
Университеттер XII ғасырда Италияда, Францияда, Англияда т.б. ашылды [4].
Жоғарыда баяндалған тұжырымнан аңғарғанымыз не? Ол – дидактиканың тәрбие аспектісінен бөлінгені. Білім көлемі ұлғайып, ғылыми субстанциясы кеңіп, әлемде университеттер ашыла бастады.
Бірақ, дидактика ішінара пәңдерге жіктелгеи жоқ. Әдістеменің ғылым болып, жеке даралық келбетке келмегенін аңғару қиын емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет