Ятрогендік аурулар дегеніміз не?



бет1/5
Дата20.10.2023
өлшемі87,01 Kb.
#187223
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспар 1, Термодинамика Кошкинбаев А, HSHEEYYKPZAQ04112023185449, сарбапиева м, рентген

Ятрогендік аурулар дегеніміз не?

  • Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер + gennao шығару, құрастыру; ятрогенияның синонимы) - медициналық қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің - катя, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын психогендік бұзылыстар. Дәрігердің сөзі немесе ісінің әсерінен пайда болатын пациенттің денсаулығының бұзылыстары дәрігерлерге ертеден белгілі.
  • Дегенмен, «ятрогения» термині, 1925 жылы немістің психиатры Бумке (О. Bumke) «Дәрігер жан күйзелістерінің себебі ретінде» атты еңбегін жариялағаннан кейін, кеңінен тарап кетті. Осы уақыттан бастап, ятрогения концепциясын клиниканың түрлі саласындағы мамандар зерттей бастады. Айта кетерлік бір жайт, шет елдерде ятрогенияға, деонтологиялық қателер негізінде пайда болған патологияны ғана жатқызып қоймайды, сонымен қатар дәрігердің кез-келген әрекетінен туындаған ауруларды да (дұр)с жүргізілмеген манипуляцияның салдарынан болған кабынулар немесе процедуралардан дәрілік ауруларға дейін), яғни медициналық көмектің кез-келген жағымсыз салдарын жатқызады. Осы оқулықта бұл әрекеттерді біз клиникалық қателіктер деп қарастырамыз.

Ятрогендік аурулар дамуының шарттары қандай?

  • Ятрогендік аурудың дамуы үшін дәрігер мінез - құлқы мен қоса,науқастың тұлғалық ерекшеліктері де (эмоциялық деңгейі, секемшілдігі және т.б.) маңызды. Науқастардың көбі тек қана аурудан емес, сонымен қатар онымен қатарласа жүретін үрей, қорқыныш, емнің нәтижесіне сенбеу сияқты мәселелерден де зардап шегеді. Сондықтан науқас дәрігердің сөзіне, мінез - құлқына, интонациясына, ым - ишарасы на баса зейін қояды.
  • Сонымен қатар, науқастың тұлғалық ерекшілігіне және психикалық қалпының дәл осы сәттегі жағдайына байланысты медициналық қызметкерлердің сөзі мен әрекетіне әр пациент әртүрлі реакция береді. Патологиялық жағдайға ойланбай сөйлеген сөздер ғана емес, кейбір мағынасы түсініксіз сөздер («анализдің нәтижелері жағымсыз», «тамшылы жүрек» және т.б.), кейде дәрігердің ұзақ үнсіз қалуы мен абайсыз айтқан сөздерін де, науқас өз ауруының ерекше қиын анықталып, емделетіні, яғни жазылуы қиын өзгеше ауру деп қабылдауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет