Клиникалық қателердің барлығы, дұрыс емдемеу туралы шағым жазуға алып келмейтіндігі мәлім. Жоғарыда Huycle және Huycke (1994) пікірі бойынша пациенттің арыз жазуына әсер ететін бес негізгі фактор берілген: соның үшеуі ғана тікелей қатысушы дәрігерге байланысты. Бұл американдық зерттеу болғандықтан, оның нәтижелерін басқа елдерге экстраполяция жасауға болмайды. Rothschild және әріптестері (2002) дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдарлары көбінесе антибиотиктерді, антидепрессант-тарды антипсихотикалық, жүрек-қан дәрілері және антикоагулянттарды қолданудағы немкұрайлылыкка байланысты арыз жазуға алып келеді. Тіркелген салдарлардың көбі ауыр, қымбат әрі болдырмауға болатын және жартысынан көбі амбулаторлык пашиенттерде кездеседі.