Ятрогендік аурулар дегеніміз не?


Клиникалық қателердің болуын қалай түсіндіруге болады?



бет3/5
Дата20.10.2023
өлшемі87,01 Kb.
#187223
1   2   3   4   5

Клиникалық қателердің болуын қалай түсіндіруге болады?

  • Субъективтік қатенің себеп-салдарлы байланысының екі моделі бар: жеке және жүйелі. Бірінші модель медицина қызметкерлерінің қателеріне көңіл бөледі: оларды ұмытшақ, зейінсіз немесе адамгершілігі жоқ деп айыптайды. Жүйелі модель жағдайлар мен жүйені (медицина қызметкерлері қателердің себебі болған кездер) анықтау арқылы қатенің шығу тегін түсіну және қорғаныс құралдарын қолдану жолдарын нақтылаудың арқасында қате жіберудің алдын алуға және салдарын жұмсартуға ұмтылады (Reason, 2000). Жүйелік модель көптеген клиникалық қателер, жеке адамның немесе нақтылы адамдар тобының қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болмайты- нын мойындайды (Kohn et al, 1999).
  • Негізгі клиникалық қателерді туғызатын кең тараған жүйелік кемшіліктер: дәрілік препарат туралы ақпараттың кеңінен таралмауы және пациент туралы мәліметтің шектеулі болуы, мысалы, қауіпсіз емдеуге қажетті анализ нәтижелерінің жоқтығы (Yeare etal, 1995). Жекелік моделі басым екендігінде сөз жоқ және мекемелер жеке адамды кінәлі деп есептеу жолынан, өздерін әзер ұстап отырғаны мәлім. Сонда да, клиникалық қателердің болу мүмкіндіңін азайту үшін, көптеген нәрсе жасауға болады.

Қателердің санын қалай азайтуға болады?

  • Мүмкін болатын кейбір тактикалар төменде берілген: - мәселенің күрделілігін азайту; - ақпаратты өңдеу процесін хаттамалар мен көмекші құралдарды қолдану арқылы жеделдету; - қажетті кезінде көрсеткіштерді автоматты түрде өңдеуді қолдану; - ингаляциялық анестетиктерді енгізу кезіндегідей қысымдау шараларын қолдану; - емдеуді ауыстырудың салдарынан болған қосымша залалдарды азайту, әсіресе, жаңа техникалар мен әдістер бірінші рет қолданылғанда.
  • Дәрігерлермен қарым-қатынас жасау салдарынан болған жағымсыз оқиға-лардың өсу қаупі, аурудың өзімен байланыста. Басқа сөзбен айтсақ, адамдар емханаға ауырғандықтан түседі. Зерттеулер көрсеткендей, клиникалық қатенің жағымсыз салдарын басынан өткізген 280 пациенттің ішінен, тек 8 - і ғана «емдеу шарасы емдік этика мен заңға сәйкес келмейді»-деп сотқа арыз түсірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет