жалпақ, жіңішке.
Педагог жолақтарды бірінің үстіне бірін салып,жоғарғы жағын тегістейді. Не істегенін
50
айтып отырады. Таяқпен жіңішке жолақтардың жоғарғы жағына, сонан соң төменгі
жағына қойып көрсетеді. Түсіндіреді: «Көрдіңдер ме, жолақтың бір бөлігі шығып тұр,
демек, ол біріншісі жалпақ, екіншісі жіңішке». Қолымен екі жолақтың енін өлшеп,
қаншалықты айырмашылығы барын көрсетеді.
2-3 бала ортаға шығып, саусақтарымен қай жері жалпақ, ал қай жеріжіңішке екенін
көрсетуін өтінеді. Содан кейін бір жолақты нұсқап, бәрі бірге бұл жолақтың жалпақ
немесе жіңішке екенін айтуды сұрайды.
«Кең – тар»
ойыны. Үлестірмелі материалмен жұмыс: 2 жолақ, ұзындықтары бірдей,
бірақ ені әртүрлі: 1) көк – 15x3 см, 2) сары –15x5 см; екі қорапша – түстері, ені әртүрлі,
бірақ ұзындықтары бірдей.
Жолақтарды ұсынады.
–Жолақтар қандай түсті?
–Жолақтың жалпақ немесе жіңішке екенін қалай білеміз?
Жолақтарды бірінің үстіне бірін салып,жоғары жағын тегістейді.
Педагог әр үстелге барып, балалардан жолақтарды көрсетіп сұрайды: «Қандай жолақ
жалпақ, қайсысы жіңішке?».
Оң қолына жалпақ жолақты алуды ұсынады. – Оның түсі қандай? Жоғары көтеріп көрсет.
Енді жіңішке жолақты солай көрсетуін сұрайды.
– Қандай түсті жолақ жалпақ?
– Қандай түсті жолақ жіңішке?
Екі қорапты көрсетеді (түстері әртүрлі, жалпақтығы әртүрлі, ұзындықтары бірдей).
– Қораптар қандай түсті?
– Ұзындықтары бірдей ме? (Бірінің үстіне бірін қояды.)
– Қайсысы жалпақ?
– Қайсысы жіңішке?Ішін ашып, бос екенін көрсетеді.
– Қолдарыңда неше жалпақ, неше жіңішке жолақ бар?
Тар қорапқа жіңішке жолақтарды, кең қорапқа жалпақ жолақтарды салуды ұсынады.
Балалар жолақтарды өз қорабына салады. Енді тар қорапта көп жіңішке жолақтар, кең
қорапта көп жалпақ жолақтар бар екенін нақтылайды.
Сөздік жұмыс:
жалпақ, жіңішке.
Достарыңызбен бөлісу: