Тақырып «Күш және Ньютонның ІІ заңы»
|
Оқу мақсаттары:
|
9.2.2.3 - ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
9.2.2.2 - Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Ауырлық күшінің формуласын қолданады
Серпімділік күшінің формуласын қолданады
Үйкеліс күшінің формуласын қолданады
Ньютонның екінші заңын қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу және түсіну, қолдану
|
Тапсырма 1
Кестеде массасы 10 кг дененің төрт ғаламшардағы ауырлық күші берілген.
Ғаламшар
|
Массасы 10 кг дененің ауырлық күші / Н
|
Жер
|
100
|
Юпитер
|
250
|
Меркурий
|
40
|
Шолпан
|
90
|
Суретте жүктің салмағын өлшеп жатқан динамометр көрсетілген.
Динамометрмен қай ғаламшарда өлшеу жүргізген?
А) Жер
В) Юпитер
С) Меркурий
D) Шолпан
Тапсырма 2
Суретте материалдары және бастапқы ұзындықтары бірдей, бірақ радиустары әртүрлі екі сымға түсірілген күштің олардың ұзаруларына тәуелділік графиктері келтірілген.
График бойынша серіппелердің қатаңдықтарын анықтаңыз:
k1 = ............................
k2 = ............................
Тапсырма 3
Массасы 1 т болатын жеңіл автокөлік 72 км/сағ жылдамдықпен жазық жолда қозғалып келеді. Егер үйкеліс коэффицентінің максимал шамасы 0.7 болса, жеңіл автокөліктің минимал тежелу жолын анықтаңыз.
|
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
9.2.2.3 - ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
9.2.2.2 - Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
|
Білім алушы
тәжірибе жүргізілгін ғаламшарды анықтайды
графикті пайдалана отырып, әр серіппенің қатаңдық коэффициентін анықтайды
автомобильдің тежелу жолын Ньютонның екінші заңын қолдана отырып анықтайды
|