Сабақтың тақырыбы: Дененің массасы. Күш. Ньютонның екінші заңы Педагог: Жолдыбаева А.Ә. дайындады



Дата29.09.2022
өлшемі20,56 Kb.
#151145
түріСабақ
Байланысты:
Дененің массасы. Күш. Ньютонның екінші заңы


«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі

Бекітемін
бөлім меңгерушісі
_________ А.Б.Тайшиева
« » ________ 2022 жыл

Оқу сабағының жоспары

Модуль/пән атауы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Дененің массасы. Күш. Ньютонның екінші заңы
Педагог: Жолдыбаева А.Ә. дайындады
Күні,айы,жылы: 27.09.2022 ж.
1.Жалпы мәліметтер
Курсы, оқу тобы: I, ВТиПО-32
Сабақтың түрі: лекция
2. Мақсаты, міндеттері: Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі: Студенттерге механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру; сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау; масса ұғымынығ физикалық мағынасын ашу.
4.Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.
5. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Білгір физик»
1.Динамика нені зерттейді?
2.Санақ жүйесі дегеніміз не?
3. Инерциялық санақ жүйесіне мысал келтір
4.Ньютонның бірінші заңын тұжырымда.Мысал келтір.
5.Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?
6.Галилей мен Ньютонның дене қозғалысы жөніндегі қорытындысы неге негізделген?
7.Үдеу дегеніміз не?
8. Ньютон Исак (1643-1727) Ньютон зерттеулері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. (жалғастыр)

Жаңа сабақ
Ньютон Исаак (1643 – 1727)
Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.
Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.
Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.
Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса деп аталатын физикалық шамасы қолданылады.
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

Бір күш массалары әр түрлі денелерге әр түрлі үдеу береді.


Ньютонның екінші заңы
Дененің алатын үдеуі сол денеге әрекет ететін теңәрекетті күшіне тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал.
мұндағы, F – денеге әсер ететін күш [Н],
m – дененің массасы [кг],
a – дененің алатын үдеуі [м/с²]

Егер екі дене өзара әрекеттесетін болса, онда олардың алатын үдеулері массаларына кері пропорционал болады.



Қорытынды: Рефлексия
- не білдім, не үйрендім
- не түсініксіз боып қалды
- әлі де қандай жұмыс атқаруым керек

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Үй тапсырмасын беру: Ньютонның үшінші заңы

Пән оқытушысының қолы ________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет