Зертханада жұмыс істегенде қандай негізгі ереже және техника кауіпсізділігін толық игеру және білу керек?



бет1/2
Дата14.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#168720
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
1-апта


  1. Зертханада жұмыс істегенде қандай негізгі ереже және техника кауіпсізділігін толық игеру және білу керек?

Жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерінің жалпы нұсқауларын сақтау керек, бұл зертеханада жұмыс істеушінің әрбір жасайтын тәжірибе сипаттамасына тәуелсіз, міндетті түрде орындалу керек.


1. Зертеханада жұмыс жасаған кезде тазалық, тәртіп және тыныштық сақтау керек. Тәжірибе кезінде студенттердің назарын аударатын, бөгде адамдар келмеуі керек.
2. Жұмыс жасауға тек қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулардан өтіп, арнайы журналға қол қойған студенттер жіберілуі керек
3. Жұмыс орнын тазалықта ұстау керек. Сондай-ақ оны артық ыдыстармен, қағаздармен, керек емес материалдармен толытырып тастауға болмайды.
4. Пробиркадағы немесе колбалардағы сұйық және қатты денелерді қыздырған кезде ыдыстың аузын өзіне немесе қасындағы адамға бағыттауға болмайды.
5. Қандай да бір заттарды дәмі бойынша татып көруге болмайды.
6. Өлшенген кезде химиялық заттарды таразы табақшасына салуға болмайды.
7. Минералды қышқылдар, негіздер және заттары бар барлық ыдыстарды жұмыс жасап болған соң, бірден мүқият жуу керек.
8. Шыны химиялық ыдыстар және приборларды қолданған кезде сақтық шараларын сақтау керек. Шыны ыдыстарды саусақтармен қыспай, жай ұстау керек.Ыдыстарды ершпен немесе шыны таяқшамен жуған кезде, мұқият болуы керек, өйткені олар шыны ыдыстарының түбін сындырады, нәтижесінде қолдарын жарақаттап алуы мүмкін.
9. Студенттер тәжірибелерді ақ халатта жүргізу керек, бұл киімдерін химиялық реактивтермен бүлдірмеуге және ламинар-бокста жұмыс жасаған кезде залалсыздандыруды сақтау үшін қажет.
10. Қоректік орталармен өңделіп стерильденген заттардың қалдықтарын раквинаға төгуге болмайды.
11. Ламинар-боксте ультрафиолет лампасы қосулы тұрған кезде жұмыс істеуге қатаң тиім салынады.
12. Спиртшам жандырғышын қараусыз жағылған күйде қалдыруға болмайды.
13. Ерітінділер мен қоректік орталарды қыздыруды асбест торы бар шыны ыдыста жүргізу керек.
14. Зертханалардағы спирт және ұшқыш сұйықтардың қоры көп болмау керек, олар күнделікті жұмыс жасауға жеткілікті болса болады.
15. Жұмысты аяқтаған соң, жұмыс орнын ретке келтіріп, зертханадағы электр құралдарын, суды тексеріп көру керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет