Шығармашыл ұстаз - ұшқыр шәкірт
«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек» (А. Байтұрсынұлы)
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруші, білім беру процесін реформалаушы, зерттеуші - көшбасшы мұғалім болып табылады.
Бүгінгі таңда заман ағымына қарай ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті ұрпағын дайындау үшін мұғалім әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай тұлға дайындау мақсаты мұғалімдерден шығармашылық ізденісті талап етеді. Мұғалім үнемі өз білімін жетілдіріп, алған тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп отыруы тиіс.
Тәжірибе бөлісіп, 16 наурызда № 45 бейімделген орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік комиссиясы қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы» тақырыбында қала мектептерінің бастауыш сынып әдістемелік комиссиясының жетекшілерімен бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда қолданып жүрген жаңаша әдіс-тәсілдерді жетілдіру жұмыстары көрсетілді.
Жоғары санатты ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Канапина Асель Альмухановна «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучингінде әдеби талдау,тарихи және географиялық санаттар бойынша сұрыптау, «Орныңды ауыстыр» ойыны, трибунаға шығып сөйлеу сияқты әдістер - оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін ашады. «Бес маймыл» слайд фильмі арқылы үнемі жүргізілген жұмыс оқушыда өмірге қажетті дағдының қалыптасатындығын дәлелді көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |