Кейінді ықпал 1ФК1-19 1ФК2-19-9 17,03,20



Дата01.04.2020
өлшемі17,44 Kb.
#61251
Байланысты:
Кейінді ықпал
дене шыныктыру, Әбу Насыр 26.02.20.№ 2, Әбу Насыр 26.02.20.№ 2, Әбу Насыр 26.02.20.№ 2

  1. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ 1ФК1-19-9. 1ФК2-19-9 17,03,20
    Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
    Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
    Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
    Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
    а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
    Мысалы:
    АЙТЫЛУЫ: Жанпейіс, Ермағанбет,
    ЖАЗЫЛУЫ: Жампейіс, Ермағамбет,
    ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
    Мысалы: 
    АЙТЫЛУЫ: асшы, колхозшы
    ЖАЗЫЛУЫ: ашшы, колхошшы
    б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.
    Мысалы:
    АЙТЫЛУЫ:тұз сал, жазса, Бозжігіт
    ЖАЗЫЛУЫ: түс сал, жасса, Божжігіт

Тапсырма: Кейінді ықпалға төрт мысал жаз. Мысалы: Қолымнан добым түсіп кетті.

2. Мәтінмен жұмыс «Менің мамандығым»

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. 

Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Болашақта өте жақсы маман боламын деген ойдамын.



Тапсырма: Мәтінді оқып шығып, аудар, мазмұндап айтып бер. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет