Көп тіл білгеннің пайдасы



Дата10.11.2023
өлшемі23,87 Kb.
#190836
Байланысты:
5 сынып 2 тоқсан
Досанова М.Б., Досанова М.Б., фчіку, фчіку, өлеңдері туралы, Куандыкова Аякоз тфп 1001 презентация тарих, Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі, Урок № 10 Семейные праздники, дене шыныктыру қағидалары

Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1 Тапсырма

    • Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеп жазыңыз.



Көп тіл білгеннің пайдасы
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлейміз, біле жүреміз. Орыс тілін қатынас тілі ретінде қолданамыз, есте сақтаймыз. Ағылшын тілін әлемдік аренаға ену үшін енгіземіз, үйренеміз. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2 Тапсырма

  • Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. А мәтіні



І .Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.
«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры.
ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.
ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?
- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.
1.Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған? [1]

    1. ақылды

    2. белсенді

    3. зерек

    4. сәнқой

2.Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған? [1]

    1. І

    2. ІІ

    3. ІІІ

3.Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Ә мәтіні
Хабарландыру
2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушы:Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы
өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданы,
Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан
облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Басталуы: сағат 14:00-де
Ескерту:Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді. Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.
Келемін деушілерге есік ашық!



  1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды?[1]

    1. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

    2. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

    3. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін

    4. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін




  1. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады?[1]

    1. Аймақтық қордан

    2. Білім басқармасынан

    3. Облыс әкімдігінен

    4. Отбасы қорынан




  1. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз. [3]

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет