ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі ІІІ.1. Ұлы жібек жолының дамуы
ІІІ.2. Ұлы жібек жолының бағыттары мен жолдары
ІІІ.3. Ұлы жібек жолы Қазақстандағы қала мен далада бастау алуы
ІІІ.4.Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен сауда бағыттарының бірі Ұлы Жібек жолы туралы танымдық деректер.
ІҮ. Қорытынды Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі
І.Кіріспе: Елбасы жолдауындағы «Ұлы даланың жеті қыры» Ұлы жібек жолы туралы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын оқығаннан кейін Ұлы жібек жолы туралы зерттегім келді. Ойлана келе Ұлы жібек жолы туралы жоба жазуды қолға алдым. Ата – бабаларымыз қазақтың табиғаты таза, байлығы мол, шұрайлы, ұлан байтақ кең даласын мекен еткен, шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен, жер ананың сыйға тартқан байлығын өз тіршілігіне жарата білген.
Елбасы осы мақаласында Ұлы дала төсіндегі күллі түркі әлемінің ажырамас бөлігіне айналған Ұлы жібек жолы қазақ жері екенін айтқан. Елбасымыз айтқандай тарихымызды тым тереңнен бастап, сонау сақтар мен ғұндар дәуіріндегі көне тарихымызды тыңғылықты зерттеп, зерделегенімізді қалайды.