" өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша



бет37/56
Дата27.04.2018
өлшемі22,84 Mb.
#40251
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
135- сурет. Puccinia sp. даму циклі


Базидийлердің типтері: 1-холобазидий; 2,3,4-гетеробазидий; 5-фрагмо- немесе телиобазидий

Қорытындылау сұрақтары:

1. Ustilaginales қатарының практикалық маңызы.

2. Ustilaginales қатарының морфологиялық ерекшеліктері.

3. Ustilaginales қатарының өкілдері қалай көбейеді?

4. Holobasidiomycetes класының практикалық маңызы.

5. Holobasidiomycetes класының морфологиялық ерекшеліктері.

6. Holobasidiomycetes класының өкілдері қалай көбейеді?

7. Uredinales қатарының практикалық маңызы.

8. Uredinales қатарының морфологиялық ерекшеліктері.

9. Uredinales қатарының өкілдері қалай көбейеді?


Тәжірибелік сабақ 15. Тақырып: Қыналар бөлімі - Licһeпорһуtа. (2сағат)

Сабақтың мақсаты: Қыналардың анатомо-морфологиялық сипаттамасын, систематикасын және маңызын оқып білу.

Құрал – жабдықтар, қажетті материалдар тізімі: Әртүрлі кыналар колллекциясы, ылғалданған макта, микроскоп, лупа

Жалпы түсінік

| Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер катарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатга қыналар басқа өсімдіктерге колайсыз келетін кұнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада кыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.

Қыналар-комплексті ағза, яғни денесі саңырауқұлактардың жіпшелерінен (гифтерінен) және балдырлар жасушаларынан тұрады, кейінгі кезде үшінші ағза азот бактериялары болатындығы далелденген.

Санырауқүлақтардың жіпшелері аркылы субстраттағы немесе атмосферадағы су мен ондағы еріген минералды заттарды сініріп отырса, балдырлар жасушаларында фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттармен, ал азотты бактериялар қынаны азотпен камтамасыз етеді. Жарык жокта фотосинтез жүрмейді де, кына тіршілігінен айрылады. Қыналар кұрамында көбіне калталы саңыраукұлақтар, кейбір түрлерінде базидиалды саңыраукүлактар кездеседі, ал балдырлардан - жасыл және көк-жасыл балдырлардың өкілдері кездеседі, яғни бұлар бір-бірімен селбесіп (симбиоз) тіршілік етеді.

Қыналар талломы әр түрлі түсті: сүр, қара, көгілдір, сары, кызғылт-сары, коңыр түсті болады, мүңдай түс беру қүрамындағы кыналар кышкылдарының болуына байланысты, бұлар жіп шумактың жоғарғы жағында түйіршікті, таяқшалы, қристалды түрде калыптасады.

Сыртқы пішіндеріне карай кыналар үшке балінеді:

1. Қаспак (68 сурет) немесе кабыршакты кыналар - бұлар ағаштардын қабыктарына, таска, жартастарға жабысып өседі, бекінген тастардан бөліп алу киын және түстері әртүрлі болады.

2. Жапырак тәрізді кына (жалпак жапырак гашінше үқсас) - бұлар ормандағы ағаштардың діңіне, түбіріне жабысып өседі, бүларды оңай бөліп алуға болады, түстері сұр, сары, кызғылт- сары болып келеді

3. Бұта тәрізді кыналар - бұлар карағайлы күрғак ормандарда тіршілік етеді, түсі сұр, акшыл болып келеді, оңай бөліп алуға болады. Бұл кыналар тундрада көп кездеседі, мысалы, бұғы- мүгі ягель.

Анатомиялык кұрылысы жағынан кыналар талломдарындағы балдырлардың орналасуына карай екіге бөлінеді:

1. Гетеромерлі /69 сурет Б/ - кыналардьщ жоғарғы кабык қабатының астында жасыл балдырлардын жасушаларының бір кабат болып орналасуы, бұны гонидийлер кабаты деп те атайды, ]бұған жапыракты және бүта тәрізді кыналар жатады.

2. Гомеомерлі /69 сурет Б/ - балдырлар жасулалары саңырауқұлактардың жіпшумағының арасында шашыранды орналасады, бүған каспак кыналар жатады.

Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп тускен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен катар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады

Сорадиялар саңырауқүлактардың жіпшелерімен оратылған балдырлардың жасушалар тобы. Бұндай жасушалар кына денесінің ішкі жағында пайда болады, осы кезде кынаның салмағы артады да кабығы кысымнан жарылып, ондағы соридиялар үзіліп, жел, жауын суының ағынымен таралып, жаңа жерде жаңа қына өсіп пшғады.

Изидиялар( 70-сурет) - кына кабаттамасының жоғарғы жағында төмпешіктер пайда болып, оның кұрамында да саңыраукүлактардың жіпшелеріне оратылған балдырлар болады, бұлар сыртынан қабықпен қапталады. Изидиялардың соридиялардан айырмашьілығы осы кабығының болуында. Төмпешік ұзарып өсіп, үзіледі де жел арқылы таралып кетеді.

Қаспак кыналар кесектері аркылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.

Қыналар - ыстык күндері курап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар кайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бүғы мүгі-ягель бір жылда не бары 1-3 мм өседі.

68- сурет. 1-Жапырақ тәрізді қына (ксантория); 2-бұта қына (ягель); 3-уснея


69-сурет. А — гетеромерлі таллом; Б — гомеомерлі таллом 1 — жоғарғы қабық қабаты; 2 — гонидиальды қабат; 3 — гифтың өзек қабаты; 4 — төменгі қабық қабаты..





70-сурет. Қыналардыі көбеюі. 1 — соредии; 2 — изидии.

Тапсырма

1. Қыналар коллекциясынан кыналардың түрлерін аныктап, түрлерінің суреттерін салу.

2. Суға салынып койған кынадан препарат дайындап, саңыраукүлақтардың жіпшумағын және балдырларды аныктау.

3. Қыналар денесінің гомеомерлі немесе гетеромерлі екеңдігін аныктап, суреттерін салу.

4. Ылғалданған мактаға қынаның бір үзімін салып, үстіне ыдыс (банка, стакан) төңкеріп, кынаның неше күннен сон тіршілік ете бастайтынын бакылау.

5. Қайталау сүрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталау сұрақтары

1. Қыналар қандай жерлерде өседі?

2. Қыналарды не себептен комплексті ағза деп атайды?

3. Қыналар денесіндегі саңырауқұлактар, балдырлар және бактериялар бірін-бірі кандай затгармен камтамасыз етеді?

4. Қыналар денесінде саңыраукүлактардың, балдырлардың және бактериялардың кандай түрлері кездеседі?

5. Кандай талломдарын гетеромерлі, қайсысын гомеомерлі деп атайды?

6. Гонидийлі кабат дегеніміз не?

7. Қыналар субстратқа қалай бекінеді?

8. Қыналар қалай көбейеді?

9. Соридий, изидиялар қалай пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет