Сабақтың мақсаты: Папоротниктәрізділердің құрылысы және даму циклімен танысу.
Тапсырма. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Папоротниктердің даму циклімен танысу және схемасын құру.
Қажетті материалдар мен құралдар:Еркек усасырдың (Dryopteris filix mas) даму циклі көрсетілген кесте, еркек усасыр гербарийі, лупа.
1. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Жұмыстың орындалу барысы: Папоротниктердің гербариінен, жапырақтың астыңғы жағында орналасқан сорустарды қарап, жапырақта орналасуының суретін салыңыз.