Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту. Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.