Садырова Гульмина
Хелил Хамраев атындағы орта мектеп, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы
Негізгі мәтін
Құрылымы:
Кіріспе ( өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңашылдығы )
І – бөлім. Теориялық.
ІІ – бөлім. Сараптамалық ( сараптамалық, талдау, негіздеу, есептеулер)
ІІІ – бөлім. Ұсыныс жасау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе Қазіргі күнде кітап оқу мәселесі өте күрделі мәселе болып жатыр. 2003-2013 жылдары БҰҰ тарапынан сауаттылықтың 10 жылдығы деп жарияланған. Өйткені дүниежүзінің барлық елдерінде кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі байқалып отыр. Қоғам өміріндегі үлкен өзгірістер нәтижесінде кітап оқуға деген қарым-қатынас өзгерді. Мектептерде оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау, сұхбаттар оқушылар арасындағы «кітап оқу кризисі» үрдісінің дамуын көрсетті. Оқырмандық қызығушылық мәселесінің өзекті болуына себеп болып отырған негізгі мәселенің бірі- қазіргі кезде балалар телекөрсетілімдерді және бейнефильмдерді көп көріп, компьютерлік ойындарға көп назар аударып, олардың сауаттылығы, оқырман мәдениетінің төмендеуі.
Ата-аналар балаларды мәжбүрлеп кітап оқыту қиындап бара жатқанын айтып, наразылық білдіреді.Сонымен қатар мұғалімдерден баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қандай жолмен арттыруға болатыныжайында кеңес сұрайды. Енді баланы қандай жағдайда кітап оқуға қызықтыруға болады? Баланы қандай жағдайда кітапты сүйіп, оқытуға болады?
Кітапқа деген сүйіспеншілік бала дүниеге келген кезден берілмейді. Бала мектепке келіп, кітап оқуды үйрене бастағаннан, өз-өзінен кітапты сүйіп оқып кете алмайды. Өз алдына кітап оқуға қызығушылығы оянып, жүрегінен орын ала алмайды. Оқушылардағы білім сапасы кітап оқу дағдыларының қалыптасуына байланысты.
Мектеп практикасы бала кітап оқуды меңгермесе сауаттылығы, сөйлеуі төмен болатынын көрсетеді. Мектепте балалардың ес, ойлау, қиял үрдістерінің дамыуында кітаптың маңызы зор. Кітап оқуға деген қызығушылық баланың тұлға ретінде қалыптасыуына ықпал етеді.
Білім беру стандартында ақпараттық қоғам талаптарына жауап беретін, ақпараттар ағымында өзіне керектісін таңдай алатын, конструктивті қарым-қатынасқа түсетін, ынтымақтасып жұмыс жасай алатын, танымдық және оқу мәселелерін тиімді шешетін тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу және дамыту міндеттері белгіленіп берілген.
Оқушылардың оқырмандық қызығушылығының нашарлап бара жатқаны педагогтарды да алаңдатады. Ата-аналар балаларының қандай кітаптарға қызығушылық көрсетіп жатқанын білмейді, білгісі де келмейді. Ата-аналар балалары үшін кітап сатып алып бермейді. Бұл жағдайда баланың өзі емес, мектеп кітаптардың репертуарын белгілеп берді.
Оқушы кітапханаға мұғалімнің тапсырмасын орындау үшін келеді. Үйде немесе кітапханада кітаппен қарым-қатынаста болуды сабақтың жалғасы ретінде қабылдайды. Осындай міндетті түрде кітап оқытудың сипаты нашар болады. Оқушыларда дайын үй тапсырмасы, шығарма, рефераттарға сұраныс көп, осы керекті дүниелерді компьютерден көшіріп алады.
Мектептегі тәлім-тәрбие жағдайын бақылап, сараптама жасауына сүйінсек, қазіргі кезде оқушылардың ( 5-8 сынып ) оқырмандық қызығушылығын арттыруда сабақтардың, сабақтан және мектептен тыс іс-шаралардың, мектеп кітапханаларының және ата-аналардың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай жатыр. Мектеп алдында жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын белсенділігін арттыру , кітап оқу мәдениетін қалыптастыру үшін барлық жағдайларды жасау міндеті тұр.
Жасөспірімдер арасында оқырмандық қызығушылықты зерттеп, оны арттыру жолдарын анықтауды өз алдымызға мақсат етіп қойдық.