Оқырмандық Қызығушылығының ерекшеліктері 10 сынып оқушылары Насырова Амина



бет2/7
Дата13.11.2022
өлшемі96,4 Kb.
#157999
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылыми жұмыс
Дене шынықтыру (1)
Зерттеу гипотезасы: жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кітап оқуды жүйелі түрде басқару арқылы педагогикалық үрдісте оқырмандық қызығушылықты арттыруға болады.
Зерттеу нысаны - мектептегі оқу- тәрбие үрдісінде жеткіншектердің оқырмандық қызығушылығы.
Зерттеу пәні – әдебиет сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда, сабақтан тыс іс-шараларда психологиялық - педагогикалық жағдаят жүйелерін мақсатты түрде пайдалана отырып, оқушылардың оқырмандық белсенділігін арттыру.
Зерттеу мақсаты - оқу тәрбие барысында 5-8 сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқырмандық қызығушылығын арттыру үшін психологиялық - педагогикалық жағдаят жүйесін жасау.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. Жеткіншектердің оқырмандық қызығушылығы туралы әдебиеттерді сараптама жасау, «оқырман қызығушылығы» түсініктемесінің мазмұнын анықтау;
2. 5 – 8 сынып оқушыларының кітап оқуға деген белсенділігін зерттеу әдістерін таңдап алу, зерттеу жүргізу.
3. 5 – 8 сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығы мен белсенділігін анықтау;
4.Оқушылардың кітап оқуға болған белсенділігін көрсететін критерилерін анықтау
Зерттеудің ғылымилығы мен теориялық маңызы, жеткіншектердің оқырмандық қызығушылығын жандандырудың психологиялық – педагогикалық жүйе моделі жасалды; оқушылардың оқырмандық тәуелсіздігін толықтап беретін сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстардың әдіс-тәсілдері жасалды; оқырмандық мәдениетін қалыптастыру барысында жеткіншектердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда «Мектеп – кітапхана- отбасы» жүйесінің өз ара байланысы талқыланды.
І Теориялық бөлім
1.1 Оқырмандық қызығушылық.
Термин «қызығу» латын тілінен аударғанда «мағынаға ие болу» деген мағынаны білдіреді. Кітап оқуға қызығу – бағыт алған қызығу болып, оқырманның кітаптарда бейнеленген адамзат тәжірибесіне оқырманның белсенді қарым-қатынасының, және кітаптар әлемінде мақсатты дұрыс тауып алу үшін оқырманның саналы және эмоционалды белсенділігінің көрінісі.
Кітап бұл тәжірибені сақтап, оқырманға беру құралы. Кітаптар адамның ішкі жан дүниесін байытатын, дамытатын күшті зор құрал. Баланың қандай кітаптарды оқуына байланысты оның келешекте қандай адам болатыны белгіленеді.
Оқырмандық қызығушылық – субъекттің өзінің рухани қажеттіліктеріне сай келетін, эмоционал тартымды, маңызға ие болған басылымдарды таңдап дұрыс қарым-қатынаста болу.
Оқырман қызығушылығы жалпы барлық кітаптарға емес, оларды таңдап оқуда көрінеді. Бұл жерде оқырман өзінің қажеттіліктеріне сай келетін, эмоционал жағымды кітаптарды таңдап оқиды.
Оқырмандық қызығушылықты ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында педагогтар Х.Д.Алчевский, Ц.П,Балталона, Л.П.Нечаев; Н.А.Рубакина зерттеген. Оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеу үшін оқушылардың кітап оқуын басқару, жас ерекшеліктерін ескеру туралы А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский еңбектерінде жазылған. Оқушылардың оқуын ұйымдастыру мәселесі психологтар Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, С.М.Рубинштейн тарапынан қарастырылған. Әдебиет сабақтарын оқыту әдісі саласында осы мәселеге О.Ю.Багданова, С.А.Гуревич, В.Г.Маранцман, М.Я.Мишлимова, Т.Д.Полозова, Н.Н.Светловская т.б. жұмыстары арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет