№11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
АУАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ӘКТІ СЫНАУ
Теориялық бөлім. Ауалық құрылыс әгі ол әктасты және әктасты-магнезиалды жыныстарды, көмір қышқыл газының мүмкіндігінше толық бөлінуіне дейін күйдіргенде алынатын және басым бөлігі кальций тотығынан тұратын заттар.
Сөнбеген құрылыс әгі сөну уақытына қарай:
тез сөнетін, 8 минутқа дейін;
орташа сөнетін, 25 минутқа дейін;
баяу сөнетін, 25 минуттан артық.
Гидратты әкті сөнбеген кесекті немесе сөнбеген ұнтақталған әкті, СаО-ныСа(ОН)2 - ге айналдыруға қажетті мөлшердегі сұйық немесе бу күйіндегі сумен сөндіру арқылы алынатын, жоғары дисперсті құрғақ ұнтақ. Гидратты әкте Са(ОН)2 және Мg(OH)2 мөлшерлері басым болады.
Әк қамырын кесекті немесе ұнтақталған әкті СаО және МgО-ныСа(ОН)2 және Мg(OH)2-ге және майысқақ қамыр тәрізді масса алуға қажетті мөлшердегі сумен сөндіру арқылы алады.
Магний тотығының мөлшеріне қарай әктер: кальцилі әк, МgО мөлшері 5%-ге дейін; магнезиалды, МgО мөлшері 5-20%; доломитті, МgО мөлшері 20-40%, деп бөлінеді.
МеСт 9179-77 бойынша ауада қатаятын құрылыс әктері үш сортқа бөлінеді - 1,2,3. Ауада қатаятын әк 1-ші кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
1 Кесте – Ауалық құрылыс әгіне қойылатын талаптар
Көрсеткіштер
|
1 сорт
|
2сорт
|
3сорт
|
Активті СаО + МgО мөлшері, құрғақ күйде есептегенде, % кем емес:
- қоспасыз әкте
|
90
|
80
|
70
|
- қоспасы бар әкте
|
65
|
55
|
-
|
Активті МgО мөлшері,
% артық емес:
|
5
|
5
|
5
|
СО2 мөлшері, % артық емес:
|
3
|
5
|
7
|
Сөнбеген дәндердің мөлшері, % артық емес:
|
7
|
11
|
14
|
Әктегі СО2 мөлшеріәктің күйдірілу дәрежесін көрсетеді. Әктің жөндеп күйдірілмей қалуының себебі, төмен температура және материалдың пеште қысқа уақыт болуы, әктің кесектерінің әртүрлі болуы.
Сөнбеген дәндердің мөлшерін анықтау әктің МеСт 9179-77 талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жасалады.
Әктің сөну уақыты және температурасы әктің негізгі мінездемесі болып табылады.
Әктің сөну уақыты әкке су қосқан кезден бастап, температураның жоғарылауы 0,25 0С минуттан төмен болған кезге дейінгі уақыт. Сөндіру тәсілін таңдағанда (су құю, суға салу, су шашу) ортаның температурасы оптималды болу сөну жылдамдығын білу керек. Ортаның температурасы төмен болса, сөндіру жылдамдығы төмен болады. Жылу тез бөлінген жағдайда және су жетіспеген жағдайда дәннің гидрототығының пленкасы қатты тығыздалып, су дәннің ішіне кірмей, гидратация процесі тоқтайды. Сондықтан, тез сөнетін әкке су құяды, баяу сөнетін әкті суға салады немесе су шашады.
Сөну жылдамдығы мына факторларға тәуелді болады:
қоспаның мөлшері;
күйдіру температурасы;
сөнген әк массасы;
сөндіретін судың температурасы.
Саздармен ластанған әкті күйдіргенде әктің жендектелуіне әкелетін кальцидің силикаттары, алюмофериттері пайда болады, олар - тығыз, қатты, сөндіру жылдамдығы төмен әктің пайда болуына әкеп соғады.
Күйдіру температурасы жоғары, күйдіру уақыты ұзақ болса да сөндіру жылдамдығы төмендейді. Бұл әктің кристалдарының іріленіп, сумен әрекеттесетін беті азайып, СаО кристалл торларының дұрысталып, СаО кристалл торларында иондардың химиялық байланысының беріктігі жоғарылап, әк сумен баяу әрекеттеседі.
Жұмыстың мақсаты: Құрылыс әктің сапасын МеСт тәсілдерімен тексеріп анықтайтын жолдарымен танысып игеру, ұнтақ майдалылығын, сөну температурасы мен уақытын, сөнбеген бөлшектердің мөлшерін анықтау. МеСт 9179-77 талаптарына сәйкестігін анықтау және құрылыс материалдарының сапасын бақылау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
1. Фарфорлы түтік
2. Конустәрізді сиымдылығы 250мл колба, шыны таяқшалар.
3. Бюретка, воронка, сағаттықшыны.
4. Электрлік плита
5. Техникалық таразы
6. Аналитикалық таразы
7. Сиымдылығы 8…10 л қаңылтыр ыдыс.
8. № 063 елек.
9. Әктің сөндіру температурасын және ұзақтығын анықтайтын құрылғы.
11. Муфелді пеш.
12. Секундомер.
13. Құрылыс әк.
Әктің ұнтақ майдалылығын анықтау
Жұмыстың орындалу барысы;Тәсілдің мәні жарықтағы ұя өлшемі 0.2мм (918 тесік/см2) електе елегенде қалған әктің салмағын анықтаймыз.
105...110 0С тұрақты салмаққа дейін кептірілген 50 г әктің үлгісін № 02 және № 008 торлы елекке төгіп, қақпақпен жабады да, қолмен немесе механикалық қондырғымен елейді. Егер електен 1 минут ішінде 0.05 грамнан аспайтын тұтқыр өтсе, елеу аяқталды деп саналады. Ұнтақтау майдалылығын 0.1 проценттен аспайтын ауытқумен , електе қалған салмақтың бастапқы салмағына проценттік қатынас ретінде екі сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні алынады. Ұнтақтау дәрежесі (Ұ.Д.) процент бойынша төмендегі формула арқылы табылады:
Ұ.Д. = m · 100% / 50,
Мұндағы: m – есептегі қалдықтың салмағы, г.
Жұмыстың орындалу реті; 110 0С тұрақты салмаққа дейін 50 г әк ұнтағын 1 сағат кептіріп алып, оны бірінші № 02 торлы елегінде одан өткенін № 008 торлы елегінде еледік. № 02 торлы елегінде ұнтақ майдалылығы 21,6%, ал № 008 елегінде 17,8% болды.
Шешімі; № 02 торлы елек Ұ.Д. = 10,8· 100 / 50 =21,6%
№ 02 торлы електен өткен ұнтақ 100%-21,6%=78,4%
78,4%*50 / 100%=39,2г електен өткен ұнтақ массасы
№ 02 торлы електен өткен ұнтақты № 008 торлы електен өткізгендегі нәтиже;
7г *100%/ 39,2г =17,8%
Қорытынды; Әктің ұнтақ майдалылығын анықтау кезінде № 02 торлы електен өткен ұнтақтақтың майдалылығы 21,6% және № 008 торлы електен өткен ұнтақ нәтижесі 17,8% болды
Құрылыс әктің сөну температурасы мен уақытын анықтау
Теориялық бөлім. Әктің сөну температурасы мен уақыты деп су қосқаннан кейін ең жоғарғы температураны сөну температурасы және сол температура төмен түсе бастаған кезді сөну уақыты деп есептелінеді. Әкті сөндіру уақыты технологиялық процесте сөндіру әдісін таңдағанда қажет (су қую, суға салу, су шашырату т.б.) температура оптималды болу керек.
Айналадағы температура өте төмен болса әктің сөндірілу уақыты ұзарады. Жылу көп бөлініп су жеткіліксіз болса әктің бөлшектерінің бетінде гидроксидтен құралған тығыз қабат пайда болып ол суды ішкі қабаттарға өткізбей гидратациялануды тоқтатуы мүмкін, әк толық сөнбей қалуы мүмкін. Сол үшін тез сөнетін әкті сумен толтырады, баяу сөнетін әкке суды шашыратады, немесе суға батырып алып, сөндіреді.
Әк өндіретін әктастың құрамында сазбалшықтың қоспалары болса, олар әктің жентектелуіне алып келеді, әктің бөлшектері тығыздалып сөндірілу уақыты ұзарады. Әктің құрамында кальцийдің силикаттары және алюмоферриттері пайда болады.
Әктің сөну температурасы және уақыты жоғарыласа оның сөндіру уақыты ұзарады. Ол кристалдардың іріленуі, сумен әрекеттесетін бетінің ауданының кемуіне, СаО-ның кристалдық решеткасы тураланып, решеткада СаО-ның иондарының химиялық ұстасуының жоғарылауына байланысты.
Жұмыстың орындалу барысы; Әктің сөндіру уақытын және температурасын анықтау үшін сыйымдылығы 500 мл термос пайдаланады.
Әк үлгісінің салмағын Q - граммен төмендегі формуламен табады:
Q = 1000 /A , г
мұнда: А - әктегі активті СаО мен MgO мөлшері, %
Өлшенген үлгіні термосты колбаға салып температурасы 20 0С 25 мл су құяды да тез ағаш таяқшамен араластырады. Колбаны тығыз 1000С – тық термометр салынған тығын мен жауып қойып қимылдатпайды. Термометрдің сынап салынған ұшы толық реакция жүріп жатқан массаның ішінде болу керек. Температураны үлгіге су қосқаннан кейін әр минут сайын өлшейді.
Төрт минутта температура 1 0С – дан аспаса анықтау аяқталған болып есептеледі.
Жұмыстың орындалу реті; Әктің сөну уақытын және температурасын анықтау үшін сыйымдылығы 500 мл термосқа 12г әктас салып, оған 25 мл су құйдық.Термометр салынған тығынмен бетін жауып қыймылдамайтын жерге қойып, термометрдің сынап бағанынның көтерілгенін бақыладық. Біздің тәжірибелік жұмыста ең жоғарғы температура 90℃ болды және үлгіге су қосқаннан кейін 3,5 минуттан кейін температура төмен түсе бастады.
Қорытынды; Әктің сөну уақытын және температурасын анықтау кезіндегі ең жоғарғы температура 90℃ ты сөну температурасы және үлгіге су қосқаннан бастап сынап бағаны 90℃-тан түсе бастаған уақытты сөну уақытын деп алдық, ол бізде 3,5 минуттан кейін температура төмен түсе бастады.Біздің құрылыс әгіміз сөну уақытының нәтижесіне байланысты тез сөнетін әк яғни 8 минутқа дейін сөнетін әктер тобына жатады.
ҚҰРЫЛЫС ӘГІНДЕГІ СӨНБЕГЕН ДӘНДЕРДІ АНЫҚТАУ
Теориялық бөлім. Құрылыс әгі әктасты немесе мелды күйдіру арқылы алынады. Құрылыс әгі қалау, сылау ерітінділерін дайындауда, кеуекті және тығыз силикат бетондарын, аралас тұтастырғыш материалдарды, силикатты кірпіштерді жасауда, құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қолданылады. Құрылыс әгінің басым бөлігі кальций тотығынан тұрады. Әкті шахталы немесе айналмалы пештерде әктасты 1000...11000С-та күйдіру арқылы алады.
Қатаю жағдайына байланысты құрылыс әгі былай бөлінеді:
а) ауада қатаятын әк- құрылыс ерітінділерінің, бетондардың ауада қатаюын және беріктігін сақтауын қамтамасыз етеді.
б) гидравликалық әк- құрылыс ерітінділерінің, бетондардың ауада және су астында қатаюын және беріктігін сақтауын қамтамасыз етеді.
Ауалық әктің мынадай түрлері бар:
а) сөнбеген кесекті әк;
б) сөнбеген ұнтақталған әк;
в) гидратты әк (үлпілдек);
Сөнбеген кесекті әктің кесектері әртүрлі өлшемде болады. Химиялық құрамы бойынша ол СаО және МgО-дан тұрады, және СаО мөлшері басым болады.
Сөнбеген ұнтақталған әкті кесекті әкті ұнтақтау арқылы алады. Әкті ешқандай қоспасыз немесе активті минералды қоспаларды (домналық гранулданған шлак, отынның шлактары, вулканды немесе шөгінді пуццоландар) қосып ұнтақтайды. Активті минералды қоспалар ерітінділердің және бетондардың суға төзімділігін және беріктігін жоғарылатады.
Жұмыстың орындалу барысы;Бұл сынау әктің МеСт 9179-77 талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жасалады. Көлемі 8-10л цилиндр тәрізді металл ыдысқа 3,5-4л 85...90оС-қа дейін қыздырылған су құйып тоқтамай араластырып тұрып 1кг құрылыс әгін қосады. Араластыруды будың бөлінуі тоқтағанша жүргіземіз. Пайда болған әк қамырының бетін қақпақпен жауып, 2 сағаттан кейін салқын су құйып араластырып, № 063 елекке құйып електе калған қалдығын 140-150 оС-де біртекті салмаққа дейін кептіреміз.
Сөнбеген бөлшектердің мөлшерін төмендегі формула арқылы анықтаймыз:
Н.З.= m •100%/1000 , (4)
Мұнда: m - кептіргеннен кейін електегі қалдық, г.
Жұмыстың орындалу реті; Көлемі 8 л цилиндр тәрізді металл ыдысқа 3,5л 90оС-қа дейін қыздырылған су құйып тоқтамай араластырып тұрып 1кг құрылыс әгін қостық. Пайда болған әк қамырының бетін қақпақпен жауып 2 сағаттан кейін салқын су құйып араластырдық. Араластырып болған соң № 063 елекке құйып електе калған қалдықты 140-150 оС-де кептіргіш шкафта біртекті салмаққа дейін кептіреміз. Кептірілген үлгіні бөлме температурасына дейін суытып аналитикалық таразыда салмағын өлшегенде қалдық салмағы 0,7г болды. Төмендегі формула бойынша сөнбеген бөлшектердің мөлшерін анықтадық.
Шешімі; Н.З.= 0,7 •100%/1000=0,07%
Қорытынды; Әктегі сөнбеген бөлшектердің мөлшерін анықтау кезіндегі зертханалық жұмыстың нәтижесінде сөнбеген бөлшектердің мөлшері 0,07% болды.Біздің әгіміз сөнбеген бөлшектердің мөлшеріненің нәтижесіне байланысты 1- сортқа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |