Психология ғылымының пәні мен міндеттері. Психологияның міндеттері,әдістері. Бақылау психологиялық зерттеу ретінде



Дата07.02.2022
өлшемі15,87 Kb.
#97801
Байланысты:
1-семинар.Психология ғылымының пәні мен міндеттері.
Дене шынықтыру.12-семинар

Психология ғылымының пәні мен міндеттері.
1.Психологияның міндеттері,әдістері.
2.Бақылау психологиялық зерттеу ретінде.
3.Психикалық дамуды түзету әдістері.
1)Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Міндеті:1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;
2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
-Психологиядағы негізгі әдістер
1.1 Бақылау әдісі
1.2 Эксперименттік әдіс
-Қосалқы зерттеу әдісі
2.1 Анкеттік әдіс
2.2 Әңгімелесу әдісі
2.3 Тест әдісі
2.4 Әлеуметтік өлшем әдісі
2) Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақылау және эксперимент.
Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.
3)Психикалық дамуы кешеуілдеген баланың танымдық белсенділігін дамыту үшін ойын құралдарына негізделген оқыту әдістерін пайдалану керек.Өйткені ойын барысында баланың еркін әрекет етуі оның психикалық,танымдық жағдайына тиімді әсер етіп,белсенділігін арттырады.Балалардың танымдық әрекеттерін белсендендіру-бұл белгілі бір факторлардың әсерінен болған ойлау және білімді игеру үдерістерінің жеделдетілген ағыны. Педагог психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың қажеттілігі мен қызығушылығын ескере отырып,сабақтың түрі мен мазмұнын ойын арқылы үйрету технологиясымен ұштастырады.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет