Тақырыбы: Дәрілік заттар және формалар. Дәрілік заттармен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтеральдық, сырттық және ингаляциялық жолдармен енгізу. Науқастың жағдайын сараптау.
Сабақ жоспары: 1.Дәрілік заттар және формалар. 2.Дәрілік заттармен жұмыс істеу. 3.Дәрілік заттарды энтеральдық,сырттық және ингаляциялық жолдармен енгізу. 4.Науқастың жағдайын сараптау.
Сабақтың мазмұны: Дәрілік зат - бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты түрдегі дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға: майлар, паста мен ем балауыздар жатады.
Дәрі-дәрмекті пайдалану емдеу процесінің басты бөлігінің бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектер ағзаға жергілікті, сонымен қатар жалпылай әсер етеді. Дәрі-дәрмектер адам ағзасына әртүрлі жолдармен енгізіледі. Ағзаға дәрі дәрмекті енгізу әртүрлі жағдайға байланысты:
Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары, әрі таблеткалармен, пилюлямен (дәрінің домалақ түрі) салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда, тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады. Ұнтақтар құрамына сұйық заттарды (тұндырмаларды, экстракттарды, эфир майларын) енгізгенде, генде, ұнтақтың негізгі қасиеті — себілгіштігі өзгермеуі керек. Егер ұнтақ құрамындағы улы немесе уытты заттар 0,05 г-нан кем болатын болса, олар тритурациядеп аталады. Тритурацияны улы немесе уытты заттың 1:10 немесе 1:100 қатысындағы сүт қантының қоспасын қолданып дайындайды. Ұнтақтарды сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда, фармакологиялық әсері баяу жүреді, кейбір ұнтақтар қоршаған ортада кристалдық суларын жоғалтады, ауадағы көміртегінің диоксидімен реакцияға түседі және ауадан ылғал тартады әрі бояғыштық қасиеттері болады және аллергиялық реакцияларды тудырады. Ұнтақтар дозаға бөлінбеген (шыны ыдысқа, пакетке, қорапшаға салынады) және дозаға бөлінген (қағаздан жасалған қаптарға салынады) болып ажыратылады.
Таблеткалар (лат. Tabulettae) — бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.
Құрамына байланысты таблеткаларды бір ингредиенттен тұратын қарапайым (Pulveres simplises) және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі (Pulveres composite) түрлерге бөледі. Мөлшерлеу сипатына байланысты ұнтақтарды жекелеген мөлшерлерге бөлінген (Pulveres divisi) және жекелеген мөлшерлерге бөлінбеген (Pulveres indivisi) түрлерге бөледі. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтар ішкі және сыртқы қолдануға арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, ұнтақтарды електің ұнтақ толығымен өте алатын тесіктерінің мөлшерімен анықталатын ұсақталуы бойынша жіктейді.
Таблеткаларға кемшіліктер де тән – ұсақ дисперсиялы заттар үлестік бетінің күрт артуының нәтижесінде сәуленің, ылғалдың және ауаның оттегінің қолайсыз әсерлеріне оп-оңай ұшырайды. Гигроскопиялық заттар оп-оңай дымқылданады, ал құрамында кристалданған су немесе ұшпалы құрамдас бөліктері бар заттар жетілдірілмеген орамда оларды оп-оңай жоғалтып алады («ауамен ұшып кетеді»). Ұнтақтар иісті заттардың буларын адсорбциялай отырып, бөгде иіс ала алады. Онымен қоймай, осы дәрілік түрдің кемшіліктеріне мыналарды жатқызады: сұйық дәрілік түрлермен салыстырғанда баяуырақ терапиялық әсер б еруі; асқазан-ішек жолының кілегейлі қабығына қоздырғыш әсері.