Кокстеу камерасы - жоғарғы және төменгі дөңгелек түптері бар цилиндрлі аппарат. Камера көміртекті болаттан дайындалған, ал ішкі жағы қалыңдығы 3-5мм даттанбайтын болатпен қапталған. Қаптау күкіртқұрамды қосылыстардың коррозиясынан қорғау үшін қажет. Кокстеу камерасының жоғарысында мойыны болады, оған ректификациялы колоннаға мұнай буларын шығаратын штуцер бекітілген.
Кокстеу камерасы биіктігі 20 м постаментке орналасады, онда коксты бұзып гидравликалық бұзатын гидроқұрал-жабдықтары орналасады. Жәймен кокстеу қондырғысында өңдеу және тасымалдау жүйесі қолданылады, оны екі түрге бөлуге болады. Бірінші түрі гидробөлу және коксты тасымалдау жүйесінің аралығымен ерекшеленеді - кокс камерадан камера алаңына түсіріледі, онда белгілі бір уақыт аралығында су тұндырылады.Содан соң кокс грейферлі кранмен ұнтауға жіберіледі және конвейермен қоймаға тусіріледі. Екінші түр жүйесінде гидробөлумен тасымалдау арасында тығыз байланыс болады кокс және су камерадан бірден камера мойнының астында орналасқан ұнталуға туседі. Ұнтақталган кокс конвейерге беріледі және конвейерден қоймага тасымалдау процесінде судан және усақ фракциялардан бөлінеді.
Қолдану тәжириебесі көрсеткендей қондырғы ішілік өңдеу және тасымалдау жуйесінің бірінші түрі тиімді.
Кокс түсірілген кокстеу камерасын өткір су буымен пресстейді және қыздырады. Камераға берілген бу оның ішіндегі ауаны ығыстырады. Содан соң біршама уақыт камера аркылы жұмыс жасап тұрған камерадан кокстеу өнімдерінің буларын жібереді. Дайындалған камерадан өте отырып, бұл булар содан соң ректификациялы колонна 10 түседі. Дайындалған камера 3600С температураға дейін қызғаннан кейін, жұмыс жасайтын камерада кокс түзілу аяқталады. Бұл кезде камераны ауыстырады.
Камераның саны мен өлшемі қондырғының шикізат бойынша өнімділігіне, шикізаттың сапасына және камераның қысымына байланысты болады. Қысымды көтеру кокстың және газдың шығымын өсіреді, сұйық шикізаттың камераға берілу жылдамдығын өсіреді, жүйедегі артық қысымды газ блогына газды беру үшін қолданады.
Конденсатор — тоңазытқыш
Конденсатор — тоңазытқыш аппараттын сипаттау:
Жылу алмастырғыштар жылу алмасу беті және конструкциясы жағынан әр түрлі орындалуы мүмкін.
Сондықтан жылу алмастырғыштарды былай бөледі:
Қаптама қүбырлы жылу алмастыргыштар.
Мұнай өңдеу технологиясында ең коп тарағаны қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар. Ол камтамадан тұрады, оның екі жағынан құбырлы торлар бекітілген. Мұнда шоғырланған кұбырлар орнатылады. Олар қаптамаға флонец арқылы болаттармен бекітілген болады. Құбырлар құбырлы торда әр түрлі вариантта бекітіледі құбырлардың тор шоғырында орналасуы әр түрлі. Ағындардың ету жолдарынын саны бір, екі төрт және одан да көп болу мумкін. Төрт рет айналу жылу алмасуды жақсартады. Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар мүнайдан шығатын өнімдер жылуы аркылы кыздыруға, су конденсатор мұздатқыш ретінде қолданылады. Айнымалы тордын болуы, кұбыр шоғырынын бос корпус ішінде қозғалуына жағдай жасайды. Салқындату кезіндегі кұбырдағы кысым 1 МПа, ал кұбыр аралық кеңістікте 1-25 МПа дейін жетеді Мұздатқыштың қаптама диаметрі 600 -1400 мм, ал құбыр ұзындығы 6м жету мүмкін құбыр шоғырын тазалау және ауыстыру жеңіл іске асырылады.
Конденсатор мұздатқыш - мұздаткыштардан құбыр аралықтағы бу беру штууерлерінін үлкен диаметрлігімен ерекшеленеді. 1960 ж. Бастап мұнай өңдеу заводтарында адамен салқындату аппараттары көп қолданыс табуда. Ауамен салкындату аппараттарын пайдалану айналым суының шығынын азайтады.
Ағын сумен мұнай енімдерінің ілесіп кетуін азайтады. Жылу алмастырғыштардың қыздыру нәтижесінде түзілген қалдықтардан тазартуды және жөндеу шығының азайтады қазіргі кондырғыларда 80%-ке дейін жылуды алуды адамен суыту аппараттарында іске асырылады. Ауамен салқындату аппараттары коллекторлары бар құбыр шоғырынан электр қозғалтқышты вентилятордан, реттеуші жабдықтан және тірек бөлігінен тұрады. Жылу беру карма-қарсы ағым принципі бойынша іске асады. Ауа вентилятормен құбыр аралық кеңістіктен өтеді. Құбыр шоғыры сырт жоғынан салқындатылады. Ауаны тегіс бөлу үшін вентилятор колданылады. Ең көп тараған ауамен салқындату аппараттары көлденең және ирек кұбырлы секциялы түрлері.