4.2. Қоршаған ортаны қорғау
Елде қоршаған ортаны қорғауға табиғи ресурстарды сақтауға үлкен көңіл бөлінуді. Мұнайды өңдегенде ауа және су қоймалары зиянды қалдықтармен ластануы мүмкін. Табиғаттың мұнай өңдеу өнімдерімен ластануын болдырмау үшін, технологияға едәуір әсер етететін шаралар қолданады.
Ауаны қорғау: Мұнайды өңдеуде атмосфераға зиянды заттар – көмірсутектер, күкіртті сутегі, көміртегі және азот оксидтері, аммиак бөлінеді. Негізгі ластау көздеріне – мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуар парктері, құю – құйып алу эстакадалары, сумен қайта қамтамасыз ету және су ағындарын тазалау құрылымдарының шоғырлары, газды ашық факел шамында жағу, сақтандыру қақпақтары, тарту желдеткіштер жүйесі жатады.
Көмірсутектердің 40%-ды жоғары тараушы көлемі резервуар парктерінің үлесіне келеді. Көмірсутектердің ауаға тарауын азайтудың бірден – бір жолы, мұнай мен мөлдір мұнай өнімдерін сақтау үшін қалқымалы және жүзуші қақпақпен жабдықталған резервуарларды пайдалану. Кейбір мұнай өңдеу зауыттарында бұрынғы резервуарларға қосымша металдан немесе полимер материалдарынан қалқыма орналастырады. Мұнай шара мұнай мен мұнай өнімдерінің жоғалымын 85-90%-ке дейін кемітеді.
Сонымен қабат, резервуарлардың бір – бірімен қосылуын газ деңгейін теңестіруші желілермен қосу, көмірсутектердің ауаға тарауын болдырмайды. Бұл жағдайда өнім құйылған резервуардан ығыстырылған булар, теңестіруші желімен атмосфераға емес, көрші резервуарға ығысады.
1970 жылдары көптеген каталитикалық риформинг және гидротазалау қондырғылары осындай тура жақын байланысқа көшірілді. Бұл қондырғыларға шикізатты тікелей алғашқы айдау қондырғыларынан болады. Бірақ екінші қызметтегі қондырғыларының шикізатқа деген сұранысында үзіліс болдырмау үшін аралық резервуарлардан толық бас тартпай, аралық көлемі үлкен емес, буфер сыйымдылықтарын салу көзделуде, оларда шикізат азот немесе тазаланған көмірсутек газы қабатында сақталады.
Айналушы сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерінің тазалау құрылымдарының шоғыры – көлемі жағынан ауаны көмірсутектермен және күкіртті сутегімен ластаудың екінші көзі болып саналады. Айналушы сумен қамтамасыз ету шоғырында, айналушы ағын сумен бірге түскен өнімдердің булануының нәтижесінде көмірсутектер бөлінеді. Тазалау құрылымдарында мұнай қалдықтарын жиғыш, қосымша тұндыру көмшігі, шламжиғыш жерлер қоршаған ортаға зиянды заттар бөлу көзі болып саналады. Жоғалыммен күрестің ең тиімді жолы – мұнай және мұнай өнімдерімен айналушы суды және конализация ағымдарын ластануын қысқарту, мұнай жинағыштарды жабу, өте тиімді родикалды тұндырғыштарды пайдалану болып саналады. Құбыраралық тоңазытқыштар орнына ауамен суыту аппараттарын салу, сораптарда сальникті тығыздағышты тік кесіндімен алмастыру, саңылаусыз майлаусыз істейтін сораптар мен компрессорларын енгізу, мұнай өнімдерінің сумен жазалуын көп азайтты, сондықтан да айналушы сумен қамтамасыз ету мен тазалау шоғырларында зиянды заттардың ауаға бөлінуі кемиді.
Қайта пайдалануға болмайтын булар мен газ дарды ашық жағуға арналған жабдықтар – факел шырағы қоршаған ортаны күкірт, көміртегі және азот оксидтерімен ластау көзі болып саналады. Факел шырағының осындау теріс әсерін азайту үшін мынадай шаралар қолданады:
факел жүйесінде мүмкін болғанша булар мен газдар қалдықтарын азайтады;
факел жүйесіндегі өнімдерді ұстап қайта өңдеуге жібереді;
факел шырағындағы жану жағдайын жақсартады.
Сақтау қақпақтарының тез – тез іске қосылуын болдырмау үшін, нормативті құжаттарда ақпараттардағы технологиялық қысымнан сақтау қақпақтарының есептелінген қысымы 15-20% тен көп болуы қажет.
Күкірт оксидтерін ең көп ауаға таратушы – технологиялық пештердің түтін құбыры. Күкірт оксиді күкіртті мазутты және күкіртті сутегінен тазаланбаған көмірсутек газын жағуда түіледі. Күкіртті ангидритпен жақын елді мекендердің ластануын азайту үшін, МӨЗ отын газын күкіртпен тазалау қондырғысын салады, өндіріс өзінің қажетіне құрамында күкіртті аз мазут дайындайды, түтін құбырының санын және оның биіктігін көбейтеді.
1950 – 1960 ж.ж. салынған технологиялық қондырғылар үшін түтін құбырының биіктігі 30 – 40 м, кейінірек 100 – 120 м түтін құбырларына ауысты. Түтін құбыры биіктігінің өсуі – зиянды заттардың атмосферада тез сирек тарауын, сөйтіп олардың қала және елді мекендерде ауаның ластануы азайтады.
Су қоймаларын қорғау. Мұнай және газ өңдеу зауыттары суды өте көп пайдаланатын өндірістер қатарына жатады және су қоймаларына ағын суды көп шығарады. Мұнай мен мұнай өнімдері, оларды өңдеуде қолданатын химиялық реагентер және шығатын қалдықтар ағын сумен араласып, оларға уландыру қасиетін береді.
МӨЗ мен ГӨЗ толық тазаланбаған ағын суларын су қоймаларына жіберу оттегі режимін бұзады, өзен суларындағы балық ұрығының және өздерінің, тағы басқа фауналардың өмір сүруін тоқтатады. Балыққа мұнай өнімдерінің иісі сіңеді, еті уланады. Осындай ластанған су қоймаларының суларын тұтыну – шаруашылық немесе мәдени тұтыну тұрмақ, өндірістік қажетке де пайдалануға болмайды.
Су қоймаларының ластануы мұнай өңдеу процестерінің міндетті қосалқысы деп қарауға болмайды.
Егер өндірісті жобалауда және пайдалануда сумен қамтамасыз етуді және канализация жүйесін мұқият дайындап іске асырған жағдайда, су қоймаларының мұндай ластануын болдырмауға болады. Ол үшін зауытқа мұнайды өңдеу жүйесін, кейбір өндірістің технологиялық жүйесін, аппараттар мен жабдықтарды таңдауды – су қоймаларының ластанбауына бағындыру қажет.
Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары мынадай:
суды қайта пайдалану жүйесін көп қолдану;
сумен суытудың орнына, ауамен суытуды неғұрлым көбірек қолдану;
бірінші жүйенің ағын суын одан әрі қайта айналымға жіберіп, тереңірек тазалауды ендіру;
көп мөлшердегі ағын судың бірден шығуын болдырмау;
қондырғы ішінде технологиялық конденсатты толығырақ пайдалану;
араластыру конденсаторларының вакуум жүйелерінде қолданылуын болдырмау немесе азайту;
тіке сумен араластырудан ыстық ағындар мен конденсаттарды суытудан бас тарту;
зауыт құрамына қажет болған жағдайда, тұзды ағындардан суды буландыру, күкіртті – сілті және шламдарды қайта пайдалану қондырғыларын іске қосу.
Осы талаптарды орындау таза суды пайдалану көлемін азайтады, су қоймаларына тек таза суды шығаруға мүмкіндік береді. Ағын сулар құрамындағы қалдық ластандырғыштар мөлшері өз қоймасындағы сумен араласқаннан кейін қажетті нормадан төмендейді. 1970 – 1980 ж.ж. салынған МӨЗ 1 т өңделетін мұнайға есептегенде таза су шығыны ескі зауыттармен (1950 ж. салынған) салыстырғанда 5 – 7 есе кеміді.
Су қоймаларының ластануын азайтудың түпкі мақсаты – су қоймаларына өндірістік және жаңбыр ағындарын шығармай, таза суды пайдаланбай – ақ істейтін мұнай өңдеу зауытын жасау. Мұндай зауыт қоршаған ортаны сақтау мәселесін шешумен қатар, тұтынушылар аймағына жақын салынып, өнімдерін тез жеткізуге де мүмкіндік берер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |