1.1. Жобаланатын процеске қысқаша сипаттама
Алғашқы жай кокстеу қондырғылары 30-шы жылдардың ортасында шетелде салынды және негізінен дистиллят өнімдеріне арналған. Кокс жанама өнім болды және отын ретінде пайдаланылды. Алайда, электрометаллургияның дамуы мен кокстеу технологиясының жетілдірілуінің арқасында кокс мұнай өңдеудің құнды мақсатты өніміне айналды. Мұнай коксына сұраныстың артуы жаңа жай кокстеу қондырғыларын салу арқылы оның өндірісінің тұрақты өсуіне әкелді. Біздің елімізде жай кокстеу қондырғысы 1980 жылдан бастап, шикізатқа қайта есептегенде өнімділігі 700 мың т/ж жұмыс істейді.
Мұнай коксі алюминий өндірісіне қажет күйдірілген анодтар мен графиттелген электродтар алуда, болат балқытуда көптеп пайдаланылады. Сондай-ақ конструкциялық материалдар дайындауда, кремний өндірісінде, абразив материалдарын дайындауда, химия жəне электротехника өндірісінде, ғарыш саласында жəне атом электр стансаларында жəне т.б. қолданылады.
1.2. Шикізат, дайын өнім және қосымша материалдар сипаттамасы
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны — Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2017 жылы КПО 146 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979жылы ашылған. Кен орының жабындысы - кун-гур ярусының ирень свитасындағы галит қабатынан тұрады. Тұз-күмбезді тектоникалық өрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары пермьнің дара ярусының терригенді-галогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі - 3526 м тереңдікте. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де байқалған, сулы-мұнайлы жапсары 5150 м. Пермьдік бөлігіндегі газконденсаттың бастапқы орташа қысымы 53,8 МПа, тас көмірлі қабатында 56,7 МПа. Қабаттардағы температура 67-89°С. Пермь бөлігіндегі конденсаттың орташа қысымы 486 г/м3, тас көмір қабатында 644 г/м3. Газдың дебиті тәулігіне 590 мың м3-ді көрсетті, концентта 500 мың м3, мұнайдыкі 326 м3.
Мұнай құрамы : Кен орнының мұнайлы бөлігін қасиетіне қарап оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс деп бөледі. Оңтүстік-батысының мұнайы ауыр (орташа тығыздық 861 кг/м3). Ондағы газдың орташа мөлшері 520 м3/м. Солтүстік-шығыс алаңындағы мұнай жеңіл (орташа тығыздық 830 кг/м3). Мұнда газдың құрам мөлшері 900 м3-ге жетеді. Конденсаттың тығыздығы 778-ден 814 кг/м3.
Газдың құрамы : Қабатты газдың құрамы: метан — 70,6%, этан — 6,1%, пропан 2,9%, бутан 1,8%, пентан және т. б. ауыр көмірсутектер 8,5%, азот 0,7%, күкіртті сутек 3,5%, екі тотықты көміртек 5,6%, меркаптандар 0,07%. Мұнайдағы ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, күкіртті сутек 5,0%, екі тотықты көміртек 6,1%, меркаптандар 0,03%.
Кокстеудің шикізаты. Кокстеуге жоғары молекулалы мұнай қалдықтарын салады, олар: гудрондар, термиялық крекингтің крекингқалдықтары, май өндіру қондырғысынан асфальттар мен экстракттар, пиролиз шайырлары.
Кокстеуге жіберілетін қалдықтар жоғары молекулалы көмірсутектерден, шайыр-асфальтенді заттардан, карбендерден жəне карбоидтардан тұрады. Шикізаттағы компоненттер қатынасы мұнайдың шығу тегіне, қалдықты алудағы процесс жағдайына байланысты. Күкірттің мөлшеріне байланысты шикізат аз күкіртті жəне күкіртті болып бөлінеді. Аз күкіртті шикізаттан коксте күкірт мөлшері 1,5% көп емес өнім алады.
Ең көп тараған шикізаттар арасынан (гудрондар, мазуттар, крекинг-қалдықтары) күкірттің кокс пен шикізаттағы мөлшерінің қатынасы 1,2-1,9 аралығында болады, бірақ кейбір екіншілік өңдеуден алынған мұнай фракцияларын кокстеуден алынған коксте күкірттің мөлшері шикізаттағы күкірт мөлшеріне қарағанда аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |